• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Қасиетті Қазақстан» телеэкспедициясы еліміздің батыс өңірлеріндегі түсірілім жұмыстарын аяқтады

19.10.2017
0

«Қасиетті Қазақстан» телеэкспедициясы еліміздің батыс өңірлеріндегі түсірілім жұмыстарын аяқтады.  «Ұлы дала жолы» жобасы аясында Шымкенттен басталған «Айғақ» телеарнасы шығармашылық тобының түсірілімі Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарында бір жеті бойы жүргізіліп, 5 500 шақырым қашықтықты еңсерді. Бейсенбі күні Ақтау қаласына табан тіреген делегация тарихи-орындарды назардан тыс қалдырған жоқ.

Ақтау қаласы —  Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген.

Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа мен Азияның шекарасы Мұғалжардан басталып, Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий теңізіне дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан аймағындағы Еуропаның шекарасы Жайық өзенінің бойымен өтетін.

img-20171019-wa0005

2010 жылдың сәуір-мамыр айларында Орыс географиялық қоғамының экспедициясы Еуропа шекарасын Мұғалжар арқылы, одан Каспий маңы ойпаты (Шығыс Еуропалық жазығы бітіп, Үстірт үстіртінің батыс бөлігі өтетін жер) арқылы өту керек деген қорытындыға келді. Мұндай жағдайда Еуропа шекарасы қазіргіден әлдеқайда оңтүстікке қарай ығысады. Қазіргі кезде Орыс географиялық қоғамының ғалымдар тобының пікірі Халықаралық географиялық одақтың қолдауына ие болмады. Демек, егер Халықаралық географиялық одақ Орыс географиялық қоғамының қорытындысын қолдаса, Маңғыстау облысының бір бөлігі Еуропада орналасқан болып шығады.

img-20171019-wa0013

Ақтау қаласы Ленинград қаласының үлгісі бойынша қалана бастады. Ақтау қаласының әкімшілік құрамына Өмірзақ кенті кіреді. Қалада екі көшенің атауы бар. Бірі Бірінші Президент көшесі, екіншісі Тәуелсіздік даңғылы. Қала ықшамаудандарға бөлінеді. Қала шағынаудандарға бөлінгендіктен керекті жерді табу оңай. Мекен-жайды атағанда аудан үй пәтер ретімен айтады. Мысалы 13-6-72. Қазіргі уақытта 31 ықшамаудан бар. Әрбір шағынауданда шамамен 50-70-дей үй бар, әр үйде орташа есеппен алғанда 60 пәтер бар. Қазіргі уақытта Ақтау қаласының солтүстігінен Ақтау-Сити қаласының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауының арқасында 2007 жылы іске асырыла бастады.

img-20171019-wa0006

Сонымен қатар, еліміздің мақтанышы Үстірт жерін түсіріп, бейнефильм дайындауды мақсат тұтып отырған шығармашылық ұжым әйгілі Бозжыра шатқалына да барды.

img-20171019-wa0011

Үстірт — батыста Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шығанағы, шығыста Арал теңізі мен Әмудария атырауы аралығын алып жатқан дөңесті аймақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытта 550 — 600 км-ге созылған, ені 300 — 400 км. Ауданы 200 мың км². Үстірттің орташа биіктігі 150 — 200 м, оңтүстік-батысындағы ең биік жері 341 м (Мұзбел жоны). Тұран ойпатында орналасқан, геологиялық құрылымы ұқсас. Үстірттің солтустікте бөлігі мен шығыс бойлықтың 56 °C-қа дейінгі батыс бөлігі Қазақстан аумағына кіреді (Маңғыстау облысы), қалғаны Өзбекстан жерінде. Үстірт төңірегіндегі жазықтан тік жарлы кемер бойынша көтерілген және үсті жалпақ, жазық дөң күйінде. Үстірт жазығында аласа жондар және оларды бір-бірінен бөліп жатқан ойыс, ойпаттар кездеседі. Үстірттің орталығы бөлігінде Қарабауыр жоны бар. Ең ойыс жерлерін сор басқан, мысалы, солтүстігіндегі Қаратүлей, Жауынқұдық, Асмантай-Матай, Қосбұлақ ойыстарында, оңтүстігіндедегі Ассеке-Аудан ойысында сор басқан ойпаттар көп. Орт., шығыс, оңтүстігінде әктас, гипстің суда еруінен пайда болған ұзың 5 — 25, тереңдегі 1 — 2 м үңгірлер (Балаұйық үңгірі), қазаншұңқырлар кездеседі. Үстірт шөл аймағында жатқандықтан жазы ыстық (шілденің орташа температурасы 29 °C, кейде 40 °C, одан да жоғары), қысы салқын (қаңтардың орташа температурасы –12, кейде –25 — 30 °C), ауасы құрғақ (30 — 60%), жауын-шашыны аз (150 мм), желі күшті әрі ұзақ уақыт соғады, қардың қалынд. 10 см-ге жуық. Қыста кенет күн жылынып, қар еріп, қатып көктайғақ болады, боран соғады. Үстіртте өзен, тұщы көл тіпті жоқ, бірақ ауыз суға, жер суландыруға жарамды жер асты суының мол қоры анықталды (қала Үстірт артезиан алабы). Сұр, бозғылт қоңыр топырағында жусан, бұйырғын, сораң, т.б. шөптер сирек өседі, ойыс-ойпаттарында сарсазан, баялыш, қара сексеуіл тоғайлары кездеседі. Құмды өңірінде теріскен, жүзгін, еркекшөп, т.б. өседі. Жануарлар дүниесінен бауырымен жорғалаушылар, тышқан, қоян, бөкен, қарақұйрық, т.б. мекендейді. Үстірт көктемде, жазда, күзде мал жайылымы, қойнауында мұнай мен газдың мол қоры анықталған; қала Үстірт мұнайлы-газды алабы.

img-20171019-wa0009

Үстірт (Маңғыстау) Тұран ойпатының батыс бөлігін құрылымдық – денудациялық Үстірт алып жатыр. Үстірт Арал теңізімен Каспий маңы ойысы мен тік беткейлі кемерлер арқылы шектеледі. Оның беткі қабатын қалындағы бірнеше оңдаған метрге жететін қалын әктас қабатты бостау жыныстар бұзылудан сақтайтын қалқан қызметін атқарып тұрады. құрымдылық денудациялық үстірттін беті біршама тегіс әрі әлсіз көлбеу болып келеді. Сирек жағдайда солтүстік – батыста бағытталған ірі жолдармен терең ағынсыз ойыстармен күрделенген жондардың беті тегіс. Абсолют биіктігі 22 метрден (солтістік жон) 314 метрге дейін (мұзбел) артады жондардын аралығындағы ойыстардын табанының абсалют биіктігі 63 метрден (барса келмес ойысы) 100 метрге дейінгі аралықты ауытқиды. Үстірттің беті астау тәрізді кристалды ойыстарда күрделендіріледі. (kk.wikipedia.org)

img-20171019-wa0007

Бозжыра – Үстірттің шеткі шыңдарының бір бөлігі. Мұнда табиғат қиялына ерік беріп, ақ түсті ерекше ландшафт жасап шығарған. Бозжыраның басты ерекшелігі – пішініне қарап Азу аталып кеткен екі әктас шың. Олардың түбінен ұшына дейінгі биіктігі – 200 метрден асады. Аздаған адам ғана білетін соқпақ жол саяхатшыны тар алаңқайға алып шығады, ол жерде Бозжыра қамалдар алқабының айрықша көріністері ашылады.

Делегация 1 күнін Бекет Ата жерасты мешітіне арнады.

img-20171019-wa0008

Бекет Ата жерасты мешіті — Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш-төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл кенде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды. Өлкедегі аса қастерленетін, ислам әлемінде әйгілі ескерткіш – Оғыланды жеріндегі (Үстірттің батыс шыңдары) Бекет-Ата жерасты мешіті. Мешіт Шопан-Ата қорымынан 100 км шығыста орналасқан. Бұл жерде қазақ халқының ұлы данасы Бекет Мырзағұлұлының өзі жерленген. Бекет Мырзағұлұлы 1750 жылы Атырау облысының Жылой ауданы,Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келген.Ол жастайынан әдiл және адамгершілігі мол батыр болып өскен. Аңызға сүйенсек, жасы үлкен Шопан атадан рухани бата алып, Хиуаға оқуға аттанған Бекет-ата медресені аяқтап, қырық жасында сопы болып, пір (мұғалiм, жетекшi) атағына ие болады. Өзінің ғұмырында әулие Бекет-ата Маңғыстауға келіп орныққанға дейін ұзақ жолдарды кешті. Ол адамдарды емдеп, балалардың сауатын ашты, даулы мәселелердi шешуде екi жақты келiсiмге алып келген даналық таныта білді. Бекет-ата шындықта өмiр сүрiп, әділ болуды және жақсылық жасауды уағыздап өткен. Атаның 5 мешiт тұрғызғаны мәлім: бiрiншiсі Құлсарыдағы – Ақмешiт деп аталса, екіншісі Бейнеу селосынан 17 шақырым борлы жартаста Бейнеу қорымында, үшiншiсі – Үстірт жазығындағы Байшағыр жерінде делінеді, сондай-ақ Бозашы түбегі маңындағы Тиген елді мекенінен 37 шақырым қашықтықтағы Тобықты жеріндегі және өзінің мәңгі мекеніне айналған Оғыланды тауының ақборлы жартасты мүйісі қабатынан ойып қашалған мешіті. (Kazislam.kz)

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.