Биткойн мен өзге де криптовалюта мемлекеттердің орталық банктеріне төнген қатер емес, деп мәлімдеді халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы Кристиан Лагард.
Қазір валютаның бұл түрі өте әлсіз, қатерлі және көп энергияны қажет еткеніне қарамастан, адағы уақытта бұл мәселе шешімін табуы мүмкін, деді Лагард.
«Көптеген криптовалюталар орталық банктері үшін басқаруға ыңғайсыз. Тіпті кейбірі хакерлік шабуылға ұшырап жатады. Алайда бұл мәселенің де шешімін табуға болады», деді ХВҚ басшысы.
Лагардтың ойынша, криптовалютаны теріске шығаруға ақымақтық.
Орталық банктер мен қаржы институттары әлем бойынша сандық валюталардың өсім қарқынын көріп отыр. Ертеректе Англия да фунт стерлингтің құнына негізделген криптовалюта шығаруы мүмкіндігін мәлімдеген еді.
Кристин Лагард алдағы уақытта криптовалютаның ХВҚ-дағы халықаралық бес валюта (АҚШ доллары, еуро, фунт стерлинг, иен және юань) қатарына кіріп халықаралық сауда құралына айналуы мүмкіндігін жоққа шығармады.
Естеріңізге сала кетейік, ертеректе америкалық JPMorgan банкінің басшысы Джеймс Даймон валютаның бұл түрін алаяқтық деп атаған еді.
Дереккөз: naryk.kz