АҚШ-тың денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігінің басшысы Том Прайс жеке рейстерге қатысты шыққан дауға байланысты отставкаға кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Tjournal.ru сайтының жазуына қарағанда министрдің жеке және әскери ұшақтармен іссапаға жиі шығуы қоғам наразылығын тудырған.
Мекеме басшысына қатысты шу қарапайым рейстің орнына кем дегенде 26 рет жеке және әскери ұшақпен ұшқаны үшін шыққан болатын.
АҚШ президенті Дональд Трамп Прайстың жұмыстан кету туралы арызын қабылдады. Президентке жазған хатында Прайс «жақында болған оқиғаның» министрлік жұмысына кедергі келтіргені үшін өкінетінін жазған. Прайстың міндетін уақытша орынбасары Дон Райт атқаратын болады.
Ресми дерекке сүйенсек, Прайс ұшақпен ұшып бюджеттен 400 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат құртқан. Шығын көлемі миллион доллардан асады. Шенеунік салық төлеушілерден кешірім сұрап, шығынның орнын толтырып беретінін айтты.
Дереккөз: Baq.kz