• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Маусым 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Айғақ» телеарнасы — Самарқан қаласында

02.10.2017
0

«Достық керуенімен» 29 қыркүйек күні Өзбекстан мемлекетінің астанасы Ташкентке арнайы сапармен шыққан «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы арнайы жобалармен жұмыс жасап жатыр. Оңтүстік көрермендеріне тарихи-мәдени орындардан хабарлар дайындауды мақсат тұтқан журналистер бүгін Самарқанда орналасқан Әмір Темірдің жатқан жерінде болып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Алдағы уақытта «Айғақ» телеарнасынан танымдық жобаның негізін бірге тамашалайтын боламыз. Айтып өтейік, «Достық керуенінің» 50 адамнан тұратын делегаттар қатарында ОҚО мәслихатының депутаты, ОҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дулат Әбіш те бар.

img-20171002-wa0001                       Суретте: Самарқанның орталық аллеясындағы Әмір Темір ескерткіші

Түсірілім топ «Шығыстың жауһары» саналатын Самарқан қаласындағы ең көрікті орындардың бірі Регистан қалашығы, Әл Бухари мен Шахи Зинда кешенінде, қолбасшы Әмір-Темірдің жерленген жері Гүр Әмір кесенесімен Самарқанның орталық аллеясындағы ескерткішінде болды.

Әмір Темір — атақты Монғол және түрік тектес халықтарының билеушісі, Темір әулеті империясының негіздеушісі. 1370 жылы Мәуереннахрды басып алып, 1405 жылға дейін 35 жыл билік құрған, 27 мемлекетті қол астына бағындырған «әлем жаулаушысы». Шайқастардың бірінде Темірдің екі саусағы кесіліп бір аяғы жаншылады. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып ақсақ болып қалған. Ол Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша-ақсақ) Ақсақ Темір атанады.

 

samarkand-02

Самарқан қаласыныңәрбір тасы мен әрбір қабырғасы тарихтың тірі беттері секілді. Түсірілім тобы сондай-ақ, Жалаңтөс Баһадүрдің кешеніне барды.

Жалаңтөс би Сейітқұлұлы (1576-1656) (ертедегі шығыс елдері баһадүр деп атаған) қолбасшы. Сырдарияның саға-жағалауын мекен еткен Төртқара елінде туған. Жалаңтөс бидің ата-тегі қазақ шежіресінде былай таратылады: Жанарыстан Алшын одан Әлім, Байұлы, Жетіру. Әлімнен Түмен, Шөмекей, Төртқара одан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Қараштан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұл бабаның сегіз ұлы болған. Оның бәйбішесі — Сары кемпірден Сейітмәмбет, Төлеш, Ақша. Акшадан Бәйбек одан атақты Әйтеке би туған. Екінші әйелі — Қара кемпірден — Жалаңтөс, Дүйсенбай, Матай, Турікмен, Қоян туған. Бұларды «Сегіз Сейітқұл» дейді екен ел. Сонда Әйтеке би мен Жалаңтөс бір әке Сейітқұлдан болып шығады.

«Жалаңтөс Коқанға барып ханын тақтан түсіріп, Ақша деген ағасын хан қойыпты» деген де сөз бар. Өзбек тарихшысы Абдураимов өзінің 1966 жылы баспадан шыққан «Бұқара хандығындағы аграрлық қатынастар тарихы» деген кітабының 117 бетінде Надримүхаммед ханға наразы болған өзбек феодалдары бір қазақ сұлтанын Ходжентте хан деп жариялады деген мәлімет келтірген. Бұл адам сол кезде Бұхара хандығына белгілі, беделді әскербасы Самарқанд аймағының билеушісі Жалаңтөс батырдың туған атасы Ақша болуы да ғажап емес. Жалаңтөс баһадур 1656 жылы 80 жасында дүниеден қайтқан. Денесі Самарқанға жақын Дағбид қыстағына өзі пір тұтқан Мактым Ағзам әулие бейітінің қасына жерленген. Жалаңтөс баһадурдің әскери қолбасшылық қызметі, ұзақ жылдар Самарқанды билеген кездегі ақыл, нақыл, билік сөздері қазақ арасында көп тарала қоймаған.

samarkand-011                        Суретте: Шахи-Зинда мемориалдық кешені.

Мұнда Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті И.Каримов жерленген. Шахи Зинда Самарқандағы ортағасырлық архитектуралық ескерткіші. Яғни, осы жерден шыққан зиялы қауым өкілдеріне арналған кесенелердің ансамблі. Дегенмен, И.Каримовқа дейін 1977 жылдан бері мұнда ешкім жерленбеген.

 

samarkand-gostinitsa                       Суретте: Самарқандағы «Зилол-Бахт» қонақ үйі

Самарқан (өз. Samarqand) — Өзбекстан Республикасындағы ежелгі қала, өзі аттас облыс орталығы. Зеравшан өзен аңғарында орналасқан. Халқы 504 мың (2015). Біздің заманымыздан 4 ғасырда Марканд деген атпен белгілі болды. Біздің заманымыздан 330 ж. Ескендір Зұлқарнайын жаулап алып, өз мемлекетінің құрамына енгізді. Біздің заманымыздан . 1 ғасырдан біздің заманымыз 4 ғасырға дейінгі аралықта Кушан патшалығының ірі сауда орталығы болды. 4 ғасырдан 6 ғасырға дейін Түрік қағанатының құрамына енген Соғды мемлекетінің астанасы болды. Самарқанды 8 ғасырдың басында арабтар, 9 ғасырда Самани әулеті, 11 ғасырда Қарахан әулеті, одан соң түрік салжұқтары, 12 ғасырдың орта шенінде қидандар басып алды. 13 ғасырдың бас кезінде Хорезм шаһтары билік етті. 1220 ж. Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды. 14 ғасырдың аяғы мен 15 ғасырдың басында Әмір Темір мемлекетінің астанасы болды. 1500 ж. Шайбани мемлекетінің, 16 ғасырдың аяғында Бұхар хандығының құрамына кірді. 1868 ж. патшалық Ресей әскерлері басып алды да, Ресей империясының қарауына енді. 1924 — 30 ж. Өзбекстанның астанасы болды. 1938 жылдан облыс орталығы. 1970 ж. қазанда Самарқанның 2500 жылдығы аталып өтілді. Самарқаның ежелгі Афрасиаб атанған солтүстік-шығыс бөлігінде қала тарихының мұражайы, Шаһи Зинда ғимараты, Бибі ханым мешіті сияқты тамаша сәулет ескерткіштері шоғырланған. Ескі Самарқанның орталығында Регистан, одан оңтүстікке қарай Гүр Әмір, Ақсарай,Рухабат; оңтүстік-шығысында Ишарат хан мазарлары, т.б. орналасқан. Самарқанда Жалаңтөс Баһадүр салдырған “Ширдор” медресесі өзінің көркемдігімен ерекшеленеді. Онда машина жасау зауыты, жеңіл өнеркәсіп фабрикасы, химиялық комбинат, 4 театр, 6 жоғары оқу орны бар.

samarkand-03

Суретте: Самрақандағы керуен сарайы

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.