Латын әліпбиіне көшу мәселесі қаралған парламенттік тыңдауда Ш.Шаяхметов атындағы республикалық орталықтың директоры Ербол Тілешов жаңа қазақ әліпбиін таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, қазақ әліпбиінің латын графикасындағы нұсқасын дайындау бойынша әртүрлі сала мамандарынан, мекемелерден көптеген ұсыныс болды.
«Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасын таңдауда ең алдымен ғылыми принциптер негізге алынды. Соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне, жалпы әліпби түзудің теориясы мен практикасына құрылған нұсқа таңдап алынды. Біз латын әліпбиіне көшу бойынша комиссия мүшелері ақылдаса келіп 25 дыбыстан тұратын әліпби нұсқасын жасап шықтық. Онда қазақтың ң, қ, ғ, ө, ә қатарлы дыбыстық таңбаларын латын әліпбиінде қалай жазылатындығы көрсетілді. Мысалы ә – ае, ө – ое, ғ – gh, ч – ch, ж – zh, ш – sh, ү – ue түрінде қолданлуы қиындық тудырмайды» — деді Ербол Тілешов.
Сонымен қатар ол орыс тілінен енген ц, ф, х, в қатарлы әріптердің де латын әліпбиінде қолданыс табатынын айтты.