• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 20, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жарты жылда қандай жетістікке жеттік?

23.08.2017
0

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауының жарияланғанына да 6 айдан астам уақыт өтті. Аталған құжаттың алдыңғы жолдаулардан ерекшелігі көп. Мәселен, бұған дейін Елбасы негізінен әлеуметтік салаларға (білім беру, медицина, зейнетақы мен жәрдемақыны, шәкіртақыны өсіру және т.б.) және индустрияландыруға басымдық берсе, бұл жолы Үкіметтің алдына жаңа технологияларды дамыту, экономиканы жаппай цифрландыру секілді тапсырмаларды қойып отыр.

Қазір әлемде төртінші өнеркәсіптік революцияның басталғаны белгілі. Осы революция аясында Қазақстан ең алдымен өзінің цифрлық технологиясын дамытуға ұмтылатын болады. Бұл Жолдауда айтылған Елбасының тапсырмасы.

Сондай-ақ, Қазақстан 2025 жылға дейін импорттық емес, экспорттық елге айналуы тиіс. Отандық өнімдеріміздің шетелге сатылымын осы уақыт аралығында екі есеге дейін өсіру міндеті тұр. Негізгі басымдық ЕАЭО елдері мен Қытай нарығына беріледі.

Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына бұдан өзге де көптеген тапсырманы қойды. Енді солардың қалай атқарылып жатқанына қысқаша шолу жасап көрсек…

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы

Жаңа құжатқа сәйкес, цифрлық технология экономиканың барлық саласына енуі керек. Медицина, білім беру секілді маңызды бағыттарды айтпағанның өзінде, «ақылды» технологиялар мұнай өңдеу, өнеркәсіп салаларын да қамтымақ. Бағдарламаны табысты іске асыру елдің бәсекеге қабілеттілігі және экономиканың барлық салаларында еңбек өнімділігі өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аталған мемлекеттік бағдарлама төрт басты бағытты іске асыруға бағытталған: цифрлық инфрақұрылымды дамыту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, экономиканың базалық салаларын цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету бойыша электронды және мобильді үкімет жүйесін жетілдіру.

Не істелді?

Биыл мамыр айында Алматыдағы Қазпоштаның бас ғимаратында 3D-принтинг зертханасы ашылды. Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

3D-принтинг – әлемдік технология саласына революция алып келген ерекше құбылыс. Қазір осынау принтердің көмегімен шағын бұйымдардан бөлек үлкен үйлер де тұрғызыла бастады. Тіпті, медицина ғалымдары осынау қондырғының көмегімен адам ағзаларын жасап шығаруға болатынын айтуда.

Алматыдағы зертхананың іске қосылуына Сүлеймен Демирел атындағы университеттің жас ғалымдары атсалысқан. Енді олар өздері принтердің көмегімен жасап шығарған өнімдерді сатпақ ниетте.

Зертхана дәл қазір кітаптан бастап түрлі кәдесыйлар, қуыршақтарға дейін басып шығара алады. Оның қызметін кез келген қазақстандық қолдана алады. Тек «Қазпоштаның» сайтына кіріп, өзіне қажетті өнімге тапсырыс берсе жетіп жатыр. Пошта қызметі 3D-принтер басып шығарған тапсырысыңызды үйіңізге өзі жеткізіп береді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында еліміздегі екінші деңгейлі банктердің барлығы мобильді банкинг жүйесін енгізетін болады. Бұл жүйе қазір «Қазкоммерцбанк», «Халық банк», «Каспий банк», «Банк Центр Кредит» секілді ірі қаржы институттарында оң жолға қойылған. Аталған банк клиенттері үйден шықпай-ақ мобильді қосымша арқылы несие рәсімдей алады, несиелік қарыздар мен коммуналды қызметтердің қарыздарын төлеп, өзге қаржы операцияларын оңай жүзеге асыра алады.

Бұл жүйе банк саласындағы бюрократияны жоюға бағытталған.

«Цифрландыру» жұмыстары мұнай-газ саласында және жер қойнауын пайдалануда да кеңінен қолданыла бастады. Мәселен, «Сұйытылған мұнай-газ теңгерімінің болжамы» деген жоба мұнай өнімін ішкі нарықта ұтымсыз бөлудің қаупін бәсеңдетеді. Сондай-ақ, бұл жоба ең алдымен мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысатындарға тосқауыл болмақ. Яғни, жаңа технология газ бен жанармайдың қорын дәл анықтап, құбыр тесілген сәтте дереу белгі береді.

Сонымен қатар, бұдан былай еліміздегі кен орындары онлайн-аукцион арқылы сатылымға шығарылмақ. Бұл өз кезегінде пайдалы кен орындарының барынша әділ сатылуына және кәсіпкерлердің лауазымды тұлғалармен тікелей байланысқа түсуіне мүмкіндік береді.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің базасында «Астана» қаржы орталығын құру тапсырмасын Мемлекет басшысы 5 институционалдық реформасында да мәлімдеген болатын. Биылғы Жолдауда бұл міндетті тағы да айшықтай түсті.

Қаржы орталығын Алматыдан Астанаға кезең-кезеңмен көшіру жұмыстары өткен жылы басталып, биыл аяқталып бітті. Парламентте бұл туралы арнайы заң қабылданып, Конституцияға өзгеріс енгізілді. Қаржы орталығында ағылшынның құқықтық жүйесі болады. Мұндағы негізгі тіл де ағылшын тілі болмақ.

Орталықтың басты мақсаты – Астананы Орта Азияның қаржы қақпасына айналдыру, елге молынан инвестиция тарту.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткеннен кейін қаржы орталығы бірден іске кіріседі, ондай орталықта аса білікті, кәсіби ысылған мамандар еңбек етуге тартылады. Шамамен 2 мыңға тарта білікті қызметкер отандық қаржы саласындағы жобаға кіріседі. Бір сөзбен айтқанда, ЭКСПО орнында орналасатын «Астана қаржы орталығы» әлемдік сапа стандарттарына сай деңгейге шығуға ұмтылады.

Мұнымен қоса, «Астана» халықаралық қаржы орталығында өзіндік арнайы соты құрылады. Дубай халықаралық қаржы орталығының сотына ұқсас бұл соттың құқықтық мәртебесі тәуелсіз және Қазақстанның сот жүйесіне кірмейтін сот ретінде айқындалып отыр. Сосын инвесторлар үшін ерекше тартымды жағдайлар жасау мақсатында Орталықта өзгеше салықтық, валюталық, визалық режим, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартудың оңтайлы режимі көзделген. Осылайша, салық салу бөлігінде Орталықтың органдары мен қатысушыларын 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін елу жылға корпоративтік табыс салығын, мүлік салығын және жер салығын төлеуден босату белгіленген.

Бұдан басқа, шетелдік қызметкерлер жеке табыс салығын төлеуден босатылады. Визалық режим бөлігінде қызметкерлер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің виза алу рәсімін жеңілдету көзделген. Аталған адамдар бес жылға дейін қолданылу мерзімімен келу визасын алады. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің және басқа да белгілі бір мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзіммен визасыз келу құқығын алады.

Экспортты дамыту

Бүгінде Қазақстан әлемдегі имортқа тәуелді елдердің бірі. Біз күнделікті тұтыну тауарларын, тіпті азық-түліктің көп бөлігін шетелден сатып алып жейміз. Мемлекет басшысы осыған орай 2025 жылға дейін Қазақстан экспорттайтын тауарлардың көлемін екі есеге дейін арттыруды тапсырды.

Экспорт көлемін ұлғайтуда негізгі басымдық ЕАЭО елдері мен Қытай нарығына берілетінін айттық. Бүгінде бұл жұмыстар жаңа қарқын ала бастады. Әсіресе қытайлық ірі компаниялар Қазақстанда өкілдіктерін ашуда. Солардың ең ірісі – жеңіл автомобиль шығарумен айналысатын JAC компаниясының Қазақстандағы зауыты. Аталған зауыттың конвейерінен шыққан көліктердің алғашқы легі кешегі шілде айында Тәжікстанға экспортталды. Сатылған 55 көліктің бағасы 600 мың доллардан асып жығылады.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай арасында ірі 51 жобаға екі елдің басшылары қол қойғаны білеміз. Бүгінде сол жобалардың үшеуі жүзеге асып жатыр. Қазақстан Қытайға мұнай-газ өнімдерін айтпағанда дәнді дақылдар, өсімдік майын және ет экспорттауға кірісіп кетті.

Бұдан бөлек еліміз ЕАЭО нарығына ет және сүт өнімдерін, дәнді дақылдар, ауыр және жеңіл автокөліктер сатумен айналысып келеді.

Жалпы, 2017 жылдың 6 айында Қазақстанның экспорттаған өнімдері былтырғы жылмен салыстырғанда 38,3%-ды құрап, 20,7 миллиард АҚШ долларына жетті.

Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек

Астық өндірісі бойынша Қазақстан дүниежүзі бойынша алдыңғы қатарда екені белгілі. Қазақстанның сапалы бидайы әсіресе Ресей мен Қытайда үлкен сұранысқа ие.

Дәл қазір елімізде астық ору науқаны жүріп жатқаны белгілі. Бүгінде егістік алқабының жартысына жуығында бұл жұмыстары аяқталған. Диқандар гектарынан орта есеппен 20,2 центнер өнім алыпты. Ал, Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдын ала жүргізген болжамына сәйкес, биыл әрбір гектардан орта есеппен 12,6 центнер астық жиналып, барлығы қамбаларда 19,2 миллион тонна бидай жиналуы тиіс. Яғни, биылғы өнімділік алдын жасалған жоспардан асыра орындалуы әбден мүмкін.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Еуразияның «нан кәрзеңкесіне» айналуы тиіс. Ол үшін бидайдың санымен қоса сапасы да арттыруымыз қажет. ҚР Ауыл шаруашылығы вие-министрі Қайрат Айтуғановтың айтуынша, биыл Қазақстанда жиналатын 20 миллион тоннаға жуық бидайдың 60-70 пайызы сұранысқа ие жоғарғы сортты болмақ. 2016 жылы бұл көрсеткіш небәрі 44 пайызды құраған екен.

Халықты баспанамен қамту

Баспана мәселесі тәуелсіздік алған жылдардан бері қоғамдағы ең маңызды проблемалардың бірі болып келеді. Осы күнге дейін аталған проблеманы шешу үшін үкімет тарапынан бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Алайда, мәселе күн тәртібінен әлі түсер емес. Осыған байланысты Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Нұрлы жер» деген жаңа бағдарламаны іске қосты. Бұл тұрғын үйге қатысты барлық мемлекеттік бағдарламаларының басын біріктіріп, халықтың баспана мәселесін түбегейлі шешпек.

«Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес, 15 жылда 1,5 миллион қазақстандыққа үй салынып беріледі. Сондай-ақ, 600 мың адамға жер телімдері үлестіріліп, олардың өздерінің үй салып алуларына жағдай жасалмақ.

«Нұрлы жердің» маңызды бір бағыты ол – әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды баспанамен қамту. Аталған бағытта арендалық пәтерлер салынады. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл осы санаттағы тұрғын үйлердің құрылысына 25 млрд теңге қарастырылған. Осы уақытқа дейін қаражаттың 6 млрд теңгесі аймақтарға толығымен аударылды. Қаражаттың қалған сомасы қаржыландыру жоспары бойынша біртіндеп беріледі. Осы уақытқа дейін аударылған ақшаға 5 936 пәтердің құрылысы басталды. Ағымдағы жылда ол пәтерлердің 2 687-ін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Алдағы үш жылдың ішінде «Бәйтерек» басқарушы xолдингінің 133 млрд теңгесі, сондай-ақ «Самұрық-Қазынаның» 97 млрд теңгесі әкімдіктерге аударылады. Бұл қаражатқа жергілікті билік «револьверлік» әдіспен тұрғын үйлерді салуды жалғастыратын болады.

 

 

Дереккөз: Baq.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

“ЭКО ШИНА” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негіз болды. 2024 жылғы ақпанда өткен...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Оңтүстіктен – Солтүстікке. Жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы жалғасуда. Еліміздің оңтүстігінен тағы бір топ отбасы Солтүстік Қазақстан және...

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

               Қаламызда «Тоқты мен Серке» толық метражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. «Сақ» киностудиясы мен...

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

Айғақ медиа
17.07.2025
0

  Түркістан облысында «Солтүстік көш» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Биыл Шымкент, Сарыағаш және Жетісай аудандарынан 30 азамат Шығыс Қазақстан...

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

   Мәжіліс депутаты Шымкентке жасаған сапары аясында жеке қайырымдылық ұйымының жұмысымен танысты. «Өркен» сөйлеуді дамыту орталығының өкілдерімен кездесуде әлеуметтік көмек...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.