• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ж.Түймебаев: Халықаралық көлік дәлізі оңтүстіктегі туризмді дамытуға мүмкіндік береді

10.08.2017
0

Жол мұраты – жету. Ал діттеген жеріңе шаршамай, қиындықсыз баруға жол бойындағы сервистік қызметтер мен инфрақұрылымдық нысандардың талапқа сай болуы зор маңызға ие. Бұл жөнінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіндегі жол құрылысының барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті- деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

«Елдің өркендеп, кемелденгенін білгің келсе, жолына қара» деген сөз бекер айтылмаған. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынастары айрықша мәнге ие. Ерте кездерде жеріміздегі ірі қалалардың көбісі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен. Қазіргі таңда қайнаған тіршіліктер осындай күре жолдардың бойында шоғырланған. Жолдар шын мәнісінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Сондықтан жол бойындағы инфроқұрылымдық нысандарды халықаралық талапқа сай етіп салуымыз керек. Сонда өңірімізге туристер көбейетін болады», — деді аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ әкім, бірнеше мың шақырымды артқа тастап шығатын жолаушылар үшін ыңғайлы болу мақсатында аталған жол бойына бекеттер салуды тапсырды. Яғни, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолында болашақта жанармай құятын бекеттер мен дүкендер, асханалар, тіпті шағын мотельдер де бой көтеретін болады.

Бірқатар учаскелерінде пайда болған ақауларға байланысты жолдың бір жақ бөлігі жабылып, екінші жағында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары тиісті дәрежеде атқарылмау салдарынан құрылыс-монтаждау жұмыстары белгіленген уақытта аяқталмай созылып жататынын сынға алған облыс әкімі бұл жағдай, жол-көлік оқиғаларының артып, адамдардың мезгілсіз қаза болуына себеп болып жатқандығын жеткізді. Тиісті сала жетекшілеріне мердігер мекемелермен жұмысты күшейтуді жүктеді.

Халықаралық маңыздағы жолдардың біршама бөлігінің сапасыз не болмаса жолаушылар үшін ыңғайсыз жасалғанына тоқталған Ж.Түймебаев шетелдік мердігер мекемелердің басшыларына жолды ретке келтіру жұмыстарын 1 қыркүйектен кешіктірмеуді тапсырды.

Айта кетейік, халықаралық көлік дәлізі Оңтүстік өңіріндегі барлық елді мекендердің 70 пайызын кесіп өтеді. Облыс бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы 837 шақырымды құрайды, оның ішінде «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» транзиттік дәлізі құрылысы үш бағытта 420 шақырымды алып жатыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

Айғақ медиа
01.07.2026
0

Шымкент қаласында арнайы белгіленген мал жаятын орындар жоқ. Оған себеп, қаланың республика көлемінде 3 ші мегаполиске айналуы. Осыған байланысты Абай...

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР

Айғақ медиа
26.06.2026
0

7-8 балдық жер сілкінісінен 120 мың адам панасыз қалуы мүмкін. Бұл жайында аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Қайрат Бекбауов...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ПОГОН АРТЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Тәулік бойы тынымсыз қызмет. Қауіп пен қатерге қарамастан қоғамдық тәртіпті күзету. Бірі қылмыстың алдын алса, енді бірі адам өмірін сақтап...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Биылғы шомылу маусымында жазатайым 2 оқиға тіркелді. Десекте ол оқиғалар шомылуға тиым салынған аумақта орын алған. Қалада шомылуға рұқсат етілген...

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясында шаһардың алдағы дамуына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер қаралды. Депутаттар күн тәртібіне енгізілген 8 мәселені...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

ХАЛЫҚ ТАРИФ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫ СҰРАДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Жолдың жыры, тарифтің салмағы, автобустың азабы. Әл-Фараби ауданындағы халықпен кездесуде шымкенттіктер көкейдегі көп мәселені әкімнің алдына жайып салды. Шымкент қаласының...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.