• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Наурыз 31, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстан Астанаға Кенесары хан мен Қажымұқанның құнды жәдігерлерін әкеледі

07.08.2017
0

Тарихи мәнге ие «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 29 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін Оңтүстіктің мәдениет күндеріне қызу дайындық жұмыстары жүруде. 1000-ға жуық өнерпаз аттанғалы отырған Елорда төріндегі айтулы шара тартуына күнгей өлкенің тарихи құндылығы мен ерекше мәдени келбетін дәріптейтін ең көрнекті жәдігерлер орналастырылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осы мақсатта облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елдімекенінде орналасқан Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі және Шымкент қаласындағы тарихи-өлкетану музейі мен «САҚ» киностудиясын, Оңтүстік-Цирк мекемесі мен Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияны аралап, баспасөз өкілдерін дайындық жұмыстарымен таныстырды.

Ерекше болмысымен қазақ спортының дарабозы атанған ұлы тұлғаның өміріне, палуандығы мен патриоттығына куә болар фотосуреттер мен тарихи қысқа метражды деректі фильмдер, өзі пайдаланып тұтынған тұрмыстық заттар мен киген киімдер, әлемдік сайыстардан ұтып алған 48 алтын, күміс орден-медальдары және спорттық бұйымдары және 74 жасында Ұлы ақын А.Құнанбайұлының 100 жылдық мерейтойына киіп барған көйлегі мен шалбары, жаттығу кезінде пайдаланған кір тастары халықаралық көрме жұртшылығы назарына ұсынылмақ.

Сонымен қатар, жүз мыңнан аса құнды жәдігері бар Оңтүстік музейлері қазынасында өзіндік орны мен тарихы өзгеше дүние — Кенесары Қасымұлының қылышы болатын. Темір қылыштың сабы сүйектен және қынабы былғарыдан жасалған. Оның ұзындығы-70см, сабы-15см, жүзінің ені 3-4 сантиметрді құрайды. Шымкент қаласындағы облыстық тарихи – өлкетану музейіне қойылған Кенесары Қасымұлының құнды жәдігері де өңірдің Астанадағы көрмесіне қойылады.

Елбясы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалынған жұмыстар да облыстың «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінде көрініс табады. Атап айтқанда, «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өткен халықаралық фотосуретшілер кездесуінде Оңтүстіктің киелі жерлеріне қатысты түсірілген фототуындылардан да арнайы көрме ұйымдастырылып, өңірдің тарихи, киелі жерлерінен де мағлұматтар беріледі.

Дайындық жұмыстарымен танысу шарасы «САҚ» киностудиясында жалғасын тапты. Облыстық Оңтүстікфильм мекемесі аталған кино орталықпен бірлесе түсірген «Ерлік» көркем фильмі мен «Қазақ елі», «Толағай» анимациялық фильмдерін және «Майдангерлер», «Жастық шақ», «Өтелмес борыш» қысқаметражды фильмдері де Астанада көрермен назарына ұсынылса, «Қажымұқан» фильмінің жаңа түсірілімі де көрме барысында тұсауы кесілмек.

Сондай-ақ, «Томирис» атты тарихи-театрландырылған қойылымға Оңтүстік-Цирк мекемесі де дайындық үстінде. Сақтар заманындағы Тұмар (Томирис) ханшайымы мен Кир патшасының арасындағы байланыс, қақтығыс, қақтығыстың шешілуі жаңа нөмірлер арқылы көрерменге жол табады.

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымының да даярлығы қарқынды. Сүгір атындағы қазақ ұлт — аспаптар оркестрі «Оңтүстіктің 100 күйі» атты облыстан шыққан күйші, композиторлардың туындыларынан концерттік бағдарламасын беруге сақадай-сай. Сонымен қатар, қазақ вальсінің королі, ұлы композитор Ш.Қалдаяқов пен С.Бәйтерековтің әндерінен концерттік кеш ұйымдастырылуда.

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндерінде 40-тан аса концерттік бағдарламалар мен түрлі іс-шаралар көрермендерін тәнті етеді. Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры, облыстық әзіл-сықақ және сатира театры, облыстық опера және балет театры сынды мәдениет және өнер мекемелері айтулы күндерде жаңа нөмірлерін тарту етсе, от ауыз, орақ тілді ақындар айтысы да сөз сайысымен сусындатады.

Дереккөз: baq.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.