Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бүгін кімдер туылған?»Бүгін кімдер туылған?
    Бүгін кімдер туылған?

    Бүгін кімдер туылған?

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.12.2015Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін, яғни 15 желтоқсан күні ҚР-ның Украинадағы Төтенше және өкілетті Елшісі, «Құрмет» орденінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы»  Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы туылған.  Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков 1951 жылы 15 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Қазақ химия-технологиялық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1973 жылдан — Қазақ химия-технология институтының оқытушысы — комсомол ұйымының хатшысы. 1977 жылдан Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің «Спутник» халықаралық жастар туризмі бюросының төрағасы. 1979 жылдан Қазақстан ЛКЖО Түлкібас аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1980 жылдан — Қазақстан КП Түлкібас аудандық комитетінің екінші хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1990 жылдан — Түлкібас аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1991 жылдан — халық депутаттары Түлкібас аудандық кеңесінің төрағасы. 1992 жылдан — Түлкібас ауданы әкімшілігінің әкімі. 1992 жылғы мамырдан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 1993 жылға мамырдан — бірінші орынбасары. 1993-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 1997 жылғы желтоқсаннан — ҚР Көші-қон және демография агенттігінің төрағасы. 1999 жылғы қаңтардан — ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары — ҚР Президенті Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 2000 жылдан — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2003 жылдан — ҚР ішкі істер министрі. 2005 жылдан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2007 жылдан — ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2009 жылғы тамыздан — ҚР-ның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі. 2012 жылғы сәуірден ҚР-ның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР-ның Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

    Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік  қасиеттеріңіздің арқасында Сіз бүгінде еліңізге, халқыңызға сыйлысыз! Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтамыз.  Бүгінгідей мерейлі күнде Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ТҮРКІСТАНДЫҚ СӘКЕН БИБОСЫНОВ ТОКИОДА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

    06.08.2021

    12 қаңтар: айтулы күндер, оқиғалар, мерекелер

    12.01.2021

    Бүгін кімдер туылған?

    23.10.2018
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.