Қаламыздағы Бейнелеу өнері мұражайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Елбасының өмірі мен қызметіне арналған «Елбасы және Оңтүстік» атты фотокөрме ашылды. Фотосуреттер көрмесінде Мемлекет Басшысының Оңтүстік Қазақстан облысына келген жұмыс сапары және өңірдегі әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын аралаған сәттері бейнеленген. Шымкент қаласы әкімдігінің қолға алуымен жасалған көрме жастар арасында Елбасының елімізде және әлемдік деңгейде жеткен жетістіктерін паш етіп, сенімді арттыруға бағытталып отыр. Бейнелеу өнері мұражайына қойылған Ұлт көшбасшысының шетелдік әріптестерімен түскен фотолары Президенттің баспасөз орталығынан алдырылған. Көрме желтоқсанның 10-на дейін жалғасады.
ІРГЕЛІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ ІСКЕР ӘЙЕЛ
Әйелге мүмкіндік беру — оның арманына қанат бітіріп, тұтас қоғамның дамуына серпін береді.Нәзік жандылардың бойындағы осы әлеуетті қолдап, жаңа қадамдарға...











