• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 22, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Назарбаев айтыскер ақындарға көп жағымпаздана бермеуге кеңес берді

27.04.2017
0

Ал, әнімен әлемді таңқалдырған Димашқа Нұрсұлтан Назарбаев ақ жол тілеп батасын берді. Өнер демекші, бүгін Қазақстан халқы асссамблеясының кезекті отырысына қатысқан президент айтыс ақындарының өзін асыра мақтайтынына көңілі толған жоқ. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы ұлтаралық татулықты сақтауды айта келе, адамдарға ой-санасын өзгеруге кеңес берді.
Жылда көктемде еліміздегі барлық ұлт өкілдері дәстүрден айнымай Астанаға жиналады. Елбасы дәл осы кездесуде Қазақстанды мекен еткен  орыс, кәріс, өзбек, тәжік сынды жүзден астам этностың басын қосып, кеңеседі. Әр минутын алдын ала жоспарлап қоятын президент бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына сәл кешігіп келді. Сөйтсе, Нұрсұлтан Назарбаев әнші Димашпен кездесіп, кідіріп қалыпты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Сессияның алдында Димаш Құдайберген деген баламызды қабылдап, батамды бердім.  Қазақ өте жақсы көргеннен құшағына қысып өлтіріп жіберуі мүмкін, содан байқа дедім.

Димаш «Тәуелсіздіктің 100 тұлғасы» жобасына кіреді деді Елбасы.  Ал басқаларға түбегейлі өзгеруге кеңес берді. Ол үшін алдымен қоғамдағы адамдардың сана-сезімін жаңғырту керек. Бірақ, Елбасы экономика, саясатты дамытуға қарағанда азаматтардың арасындағы бәсекелестікті көтеру әлде қайда қиын болатынын айтты. Сонымен, жаңа заманға сай болу үшін әр адам компьютерді иегеріп, ағылшын тілінде еркін сөйлеп, білімді болуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Изменись сначала сам, прежде чем критиковать. Правительство что-то не сделало, аким не такой. Ты спроси себя, а ты что сделал? Государство все делает. Если даже в деревне нет работы, тебе говорят: поедем в город, мы тебе дадим профессию.

Елбасы сондай-ақ, асыра сілтеп, қыздарға қара орамал жамылып, бетін тұмшалау халқымыздың салт-дәстүріне, болмысына жат әдет екенін тағы айтты. Ал кәсіпкерлерді байыған сайын мәрт болуға шақырды. Ассамблея жиынында қазақтың төл өнері айтыс да сөз болды. Мәселен, ақын Жүрсін Ерман: «шайырлар президентті жырлағанда жұрт қатты қолдайды» деп еді, Нұрсұлтан Назарбаев ондай айтыстарды ұнатпаймын деп тыйып тастады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті:

-Меніңше, айтыс алдымен облыстарда өтсе, сол жерлерден жеңімпаз шықса, оларды таңдап, республика бойынша көрсетсе, дұрыс болар еді. Кілең дүлдүлдер шығуы тиіс. Оның сөзі әніне сай болуы қажет. Әйтпесе, сендер «Назарбаевты мақтаңдар» деп тапсырма бересіңдер, содан неше түрлі бәлелер айтылып кетеді. Адам тыңдамайтын.

Бірақ Жүрсін Ерманда тосылып қалмады. Елбасының ескертуін жуып-шаюға кірісті.

Жүрсін Ерман, ақын:

—Айтыстарда сіздің портретіңізді жасаған кезде залдағылар уылдап-шуылдап қолдап отырады.  Сол кезде , көзіме жас келеді. Мен жағымпаздықтан айтып отырған жоқпын.

Жағымпаздыққа жаны қас екенін тағы қайталаған мемлекет басшысы бастысы бірлікті көздің қарашығындай сақтау керектігін шегелеп айтты.

Сондай-ақ, президент Қазақстанның интерактивті картасын келесі жылға дейін құруды ұсынды. Электронды картадан кезінде жер ауып келген өзге этностардың қайда шоғырланғанын, өсіп өнгенін, қазақтан қандай қамқор көргенін білуге болады. Сондай-ақ Елбасы Ассамблеяға пиғылы арам діни топтарға қарсы шаралардың жоспарын әзірлеуге пәрмен берді.

Дереккөз: ktk.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ХАМЗА МЕКТЕБІ ЖАҢА КЕЙІПТЕ

ХАМЗА МЕКТЕБІ ЖАҢА КЕЙІПТЕ

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Шымкентте №42 Хамза атындағы мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Үш тілде білім беретін оқу орнының тозығы жетіп, ғимаратты жаңарту қажеттілігі туындаған...

ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ҚАРАШАҢЫРАҚ ЖАҢҒЫРУДА

ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ҚАРАШАҢЫРАҚ ЖАҢҒЫРУДА

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы апта қалды. Шымкенттегі білім ошақтары қызу дайындықта. 7 білім ұясы күрлелі жөндеуден өтіп, құрылысшылар соңғы...

40 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ЖАҢА КЕЛБЕТ

40 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ЖАҢА КЕЛБЕТ

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Шымкентте 1985 жылы пайдалануға берілген мектеп толық жаңартылып жатыр. 40-жылда мыңдаған түлектің түлеп ұшуына жол ашқан алтын ұя кеңестік педагог...

ЖАҢАРҒАН МЕКТЕП — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАҢАРҒАН МЕКТЕП — ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
22.09.2026
0

2009 жылы пайдалануға берілген Мұхтар Әуезов атындағы №96 мектеп қайта жаңарып жатыр. Материалдық-техникалық базасы мен инженерлік жүйелері едәуір тозған алтын...

МИЛЛИАРДТАР БӨЛІНГЕН БІЛІМ НЫСАНЫ

МИЛЛИАРДТАР БӨЛІНГЕН БІЛІМ НЫСАНЫ

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Шымкент қаласындағы №16 мектепте ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылы пайдалануға берілген ғимарат әуелде 300 оқушыға лайықтап салынған. Алайда жыл...

БАЛАБАҚШАҒА ЖАҢА ТЫНЫС

БАЛАБАҚШАҒА ЖАҢА ТЫНЫС

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Шымкентте білім беру нысандарын жаңарту жұмыстары қарқын алды.Нысанды күрделі жөндеуге 117 миллион теңге бөлінген. Қазіргі таңда шаһар бойынша 7 білім...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.