• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Оңтүстік Қазақстан облысында енді балабақшалар мемлекет есебінен салынбайды

27.04.2017
0

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері жалпы құны 2 миллиард теңгеге жуықтайтын 3 бірдей ірі жоба жүзеге асқан.

Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде тағы 17 кәсіпорын ашылмақ. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өнеркәсіп өнімінің көлемі 183 миллиард теңгені құрап, көрсеткіш 5 пайызға дейін артқан. Жыл соңына дейін 67 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Өңірдің экономикалық өсімі әлеуеметтік мәселелерді шешуге сеп болуда.

Еліміздегі әрбір төртінші сәби оңтүстікте өмірге келеді. Алтын құрсақты аналардың басым бөлігі де осында. 17 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Тиісінше демографиялық өсім де жоғары. Шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелген Луиза Смайылова перзентінің ертеңі үшін алаңдамайды. Өйткені «Қазақстанда барлық жағдай жасалған», — дейді бақытты ана.

Луиза Смайылова, Шымкент қаласының тұрғыны:

— Осы ғой қуаныш, бақыт біздегі.Қазақта ұл бала, қыз бала деп бөліп аламыз. Қуанып жатырмыз. Алдын ағасы, әпкесі бар.Сол үйіміздің кенжесі, міне өлең айтып жатыр.

Өңірде бұдан бұлай балалар бақшасы мемлекет есебінен салынбайды. Ол жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында жүзеге асады. Қазірдің өзінде бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемемен қамту 84 пайызға жеткен. Былтыр білім ұясының табалдырығын 27 мың бала аттапты. Жыл өткен сайын бұл көрсеткіш еселеніп келеді. Сондықтан жергілікті билік балабақша мен мектеп мәселесін алдағы үш жылда толық шешеміз, — деп отыр.

Нұржан Ізтілеуов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

— Бізге жыл сайын 27 мектеп соғу қажет. Жалпы біз 2020 жылға дейін осы қажеттіліктің бәрін талдап ескеріп, 2020 жылға дейін 205 мектеп соғу қажеттігі туындап отыр. Ол бойынша біз ҚР Білім және ғылым министірлігіне сараптама талдау жасалып мақұлданды. Бүгінгі таңда сол 205 мектептің 16-ның құрылысы жүріп жатыр.

Қанат Жүнісбеков,Twitter@Kanat_shim:

— Алдағы 5 жылда ОҚО-да 47 мың отбасы қоныс тойын тойлайтын болады. Қазірдің өзінде тұрғын үй құрылысы 10 пайызға артқан. Биылғы жылы 169 көп қабатты үй салынып жатыр. Ал 2021 жылы жалпы облыс аумағында жылына 1 миллион шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілетін болады.

Өңірдің экономикалық өсімі әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуына мүмкіндік беріп отыр. Оған қоса шағын және орта бизнес те қарқынды дамып келеді. Елімізде жүзеге асып жатқан даму бағдарламасы аясында осы күнге дейін оңтүстікте 11 индустриялды аймақ ашылды. Арман Сәбитов, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы: — Өнеркәсіп өнімі 183 миллиард теңгені құрап отыр. Индустриалды инновациялық даму бағдарламасы бойынша бірінші тоқсанда 1,7 миллиард көлемінде 3 жоба жүзеге асып отыр.

Сонымен қатар, ауылшаруашылығы осы облыстың даму салаларының бірі. Сондықтан ауыл шаруашылығы мен туризм индустриясын дамыту жоспарланып отыр. Бұдан басқа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында 2017 жылдың соңына дейін 67 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Жалпы биыл облыс экономикасының барлық саласында өсім байқалады. Өңірдің даму жобасында ауыл шаруашылығына басымдық беріліп отыр . Елбасы айтқан міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыста шағын қожалықтар бірігіп, 400-ден астам кооперация құрылды. Бір сөзбен айтқанда істің көзін білетін оңтүстіктің еңбекқор халқынының әлеуметтік ахуалы жыл өткен сайын ілгерілеп келеді.
Дереккөз: 24.kz

Previous Post

Бейбіт Атамқұлов: Оңтүстікті сағынып жүрмін

Next Post

Назарбаев айтыскер ақындарға көп жағымпаздана бермеуге кеңес берді

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.