• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ОҚО мен Оңтүстік Корея дәрігерлерінің арасында ынтымақтастық меморандумы түзілді

26.04.2017
0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Корея Республикасының денсаулық сақтау саласындағы бір топ үздік дәрігерлермен кездесті.
Корея Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігіне қарасты KHIDI Үкіметінің (Корея Республикасы денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты) өкілдерімен болған басқосуға аталған елдегі алдыңғы қатарлы төрт клиниканың мамандарын KHIDI халықаралық денсаулық сақтау департаменітінің директоры О Джонг Хи бастап келді.
Екіжақты әңгімеде өңір басшысы мәртебелі меймандарға аймағымызға жасаған арнайы жұмыс сапары үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта Оңтүстік Корея Республикасының дәрігерлері мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы аталған сала жетекшілері тәжірибе алмасу мақсатында тығыз қарым-қатынаста ынтымақтастық орнататынына сенім білдірді.
«Оңтүстік Қазақстан облысы Ұлы Жібек жолының бойы – тоғыз жолдың торабында орналасқан өңір. Аймағымыз Азия мен Еуропаның қақ ортасындағы мекен деуге де келеді. Табиғаты қолайлы, климаты тамаша облыста еліміз бойынша халықтың тығыз орналасқанын да айта кету керек. Мұнан бөлек, республиканың күнгейінен орын алған жермен отандық және шетелдік азаматтардың жиі келім-кетімі орын алатынын ескерсек, біздің облыстан Оңтүстік Кореямен бірлескен медицина саласына бағытталған жоғары оқу орнын салуға болады деп есептеймін. Сонымен бірге, өңірде қайта оқытып, білімін жетілдіруге болатын медицина саласынының мамандары көп», — деді әкім.
Өз кезегінде сөз алған KHIDI халықаралық денсаулық сақтау департаменітінің директоры О Джонг Хи Оңтүстіктегі медициналық қызмет сапасын арттыру үшін екі бағытта жұмыс істелу қажеттігін айтты. Оның біріншісі — өңірдегі медицинаға заманауи технологиялар мен медқұрылғыларды ендіру болса, екіншісі — дәрігерлерді біліктілікті арттыру курстарында оқыту. Оқыту жұмыстарының дәл қазіргі таңда Сауд Арабиясындағы дәрігерлермен жүргізіліп жатқанын жеткізген О Джонг Хи мырза мұндай байланыстардың Кувейт мемлекетімен де ұйымдастырылып жатқанын мәлімдеді.
Жиын қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмыстарды дамыту шеңберінде өзара уағдаласып, Оңтүстік Кореяның 4 клиникасымен ынтымақтастықты арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Корея Республикасы денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты (KHIDI) арасында түзілген ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1,5 млн отбасы баспанамен қамтылады

Next Post

Жансейіт Түймебаев Түрік партиясының жетекшісімен кездесті

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.