• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО іскерлік климатты қалыптастыруда үздік үштікке кірді

08.04.2017
0

Оңтүстік Қазақстан облысы іскерлік климатты қалыптастыруда республика бойынша үздік үштікте. Астана қаласынан кейін үшінші  орынға тұрақтаған өңірдің шағын және орта бизнесті дамытудағы қарқыны жоғары. Бүгін оңтүстікқазақстандықтарға Қазақстанның кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша өкілі Болат Палымбетов осындай баға берді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың  қатысуымен өткен кездесуде кәсіпкерлік саласындағы өзге де өзекті мәселелер талқыланып, алдағы жоба-жоспарлар қаралды.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебваев  Қазақстанның кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша өкілі Болат Палымбетовпен кездесуінде  оңтүстік  өңірінің кәсіпкерлік саласында жиі көтерілетін проблемалық сұрақтарға жауап ізделді. Атап айтсақ, өңірдің іскерлік климатын қалыптастыру, көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, салық төлеу, жер телімдерінің берілуі сияқты өзекті мәселелер жөнінде сөз қозғалды. Республика бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына шағын, орта және ірі бизнеске қатысты түскен арыз-шағымдардың басым бөлігі де осы мәселелер жөнінде  тіркеледі.  Өңір басшысы аймақта кәсіпкерлікке қажетті жер телімдеріне деген тапшылық туындап отырғанын жеткізді.

«Оңтүстік Қазақстан облысында  бос жатқан бірде бір жер телімі жоқ. Облыс орталығындағы барлық коммерциялық жерлердің сатылып кеткенін жасыруға болмас. Сондықтан біз құрылысы ұзақ жылдар бойы тоқтап тұрған жер телімдерін анықтап шығып, қадағалауымыз қажет. Бұл ретте аудан-қалалардағы барлық жер телімдері тексеруден өтіп, олардың тиімділігін арттыру жолдарын ойластырған абзал», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Қазақстанның кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша өкілі Болат Палымбетовтің айтуынша, оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің белсенділігі жоғары. Десек те, ол бірқатар түйткілдердің түйіні тарқатылмай отырғанын жеткізді.

«Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік нысандары бойынша республикамызда алдыңғы үштікке кіреді. Мұндағы кәсіпкерлердің белсенділігі де жыл санап артып келеді. Бұл ретте жергілікті кәсіп иелеріне қолдау білдіріп отырған жергілікті биліктің де жұмысына оң баға беруге болады»,  деді Болат Палымбетов.

Басқосуда сондай-ақ, инвесторлар тартудағы көшкі-қон заңнамаларының бірқатар заңдылықтары мен мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде туындайтын құжатбастылық мәселелері де назардан тысқалған жоқ.

       ОҚО әкімінің баспасөз қызметі             

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

АЗИЯНЫ МОЙЫНДАТҚАН ҚАЗАҚ БАЛУАНЫ КІМ?

АЗИЯНЫ МОЙЫНДАТҚАН ҚАЗАҚ БАЛУАНЫ КІМ?

Айғақ медиа
04.06.2026
0

Уақыттың аздығы алтын жүлдеден айырды. Осылай деген Шымкенттік жас балуан құрлықтық додада қарсыластарына оңайлықпен жол берген жоқ. Вьетнамның Дананг қаласында...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.