Бүгін, яғни 7 қараша күні ОҚО мәслихатының хатшысы Құдайберген Төлепұлы Ержан туылған. Халық қалаулысын бүгінгі мерейлі күнімен шын жүректен құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз! Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі мен көркеюінде өзіндік үлесін қосып жүрген ел ағасына бақыттың базарындағы ырысыңыз мол болсын демекпіз!
Қадірлі жан биіктеп беделіңіз,
Арта берсін мәртебе-мерейіңіз.
Ардақтымыз өзің боп ортамызда,
Қуаныш пен шаттыққа кенеліңіз!