ҚазАгро ауыл шаруашылығын қолдау қоры шаруашылықпен айналысқысы келетін азаматтарға кеңес береді, деп хабарлайды Naryk.kz халықаралық экономикалық сайтының тілшілері.
1.Егін егу және жинау жұмыстарын жүргізуге жасалатын мемлекеттік қолдау дегеніміз не?
«ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығындағы басты проблемалардың бірі – егін егу, егін жинау жұмыстарына және маусымаралық жұмыстарға қажетті техникалық паркті, сондай-ақ басқа да мамандандырылған жабдықтарды жаңарту проблемасын шешуде аграршыларға қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда Қазақстанға бүкіл ауыл шаруашылығы машиналарының жартсынан көбі «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржылай қолдауының арқасында әкелінген. Тек қана өткен жылдың өзінде-ақ компания жалпы сомасы 50 миллиардтан астам теңгеге 3 000 бірліктен артық техниканы сатып алуды қаржыландырған.
2.Көктемгі егіс науқанына ауыл шаруашылығы техникасын қайдан және қандай талаптарда алуға болады?
Лизинг негізінде техника мен жабдықтарды сатып алу мүмкіндіктері жөнінде толығырақ білу үшін, «ҚазАгроҚаржы» АҚ орталық офисына, не болмаса оның бүкіл Қазақстан бойынша филиалдарына баруыңызға болады.
Кредит менеджерлері қолданыстағы талаптар, мерзімдері, сыйақы мөлшерлемелері сияқты қызықтыратын барлық мәселелер бойынша Сізге кеңес береді, қаржы лизингісіне техника/жабдық алу үшін жинауға қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.
Өткен жылдың аяғынан бастап ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтардың лизингісіне арналған сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19%-дан 17,3% дейін төмендетілгенін атап өткен жөн. Қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін, аванстық төлемі – техника құнының 15% басталады. Сонымен бірге, төлемдерді өтеуге 1 жылға дейін жеңілдікті кезең алу мүмкіндігі бар.
Бұнымен қатар, «ҚазАгроҚаржы» АҚ техниканы «Беларуста жасалған» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жалғастыруда. Аталмыш бағдарлама бойынша Беларусь Республикасының Үкіметі лизинг шарты жасалатын сәтке Қазақстанда қолданыстағы қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2/3 бөлігін өтейді. Бұл бағдарлама қазақстандық субсидияларды да алу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Компания арнайы қаржыландыру бағдарламаларын да іске асырады: «Экспрес-лизинг» бағдарламасы – өтінімдердің жеделдетіліп қаралуын көздейді, «Егінжай» бағдарламасы – техниканы алғашқы лизингтік төлем төленерге дейін алу мүмкіндігін береді, «Қайталама лизинг» – бұрын пайдалануда болған техниканың лизингі.
Толық ақпаратты компанияның сайтынан таба аласыз www.kaf.kz.
3.Лизингке техника алуға кім өтінім бере алады, ол үшін қандай критерийлерге сай келу керек?
Қоғамның саясатына сәйкес, жағымды іскерлік беделі, кредиттік тарихы, білікті қызметкерлері бар агроөнеркәсіптік кешеннің субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалар қаржыландырылады. Жоба Қоғамның жарғылық мақсаттарына лайықты болуға, сондай-ақ оның болжамды төлеу қабілеттілігі, рентабелділігі мен қаржыландыру мерзімімен салыстыруға келетін өтелу мерзімі болуға тиісті.
4.Биылғы жылғы техника сатып алуды қаржыландыру талаптарының өткен жылғы талаптардан айырмашылығы неде?
Өткен 2016 жылғы қаржыландыру талаптарымен салыстырғанда, ағымдағы жылы бюджеттен тыс көздер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19%-дан 17,3% дейін төмендетілді. Біз ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жүктемесін барынша азайтуға тырысамыз. Осыған байланысты, 2017 жылғы 1 ақпаннан бастап 2016 жылы жасалған барлық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесі 19%-дан 17,3% дейін төмендетілді.
Сонымен қатар, 2017 жылы бизнес-процестерді оңтайландыру іс-шаралары жүргізілді, солардың арқасында: 1) Лизинг бойынша өтінімдерді қарау мерзімі 8 жұмыс күніне қысқартылып, 18 жұмыс күн болды (түзетуді есепке алмағанда). 2) Өтініш пен сауалнаманы есепке алғанда, шешім қабылдау сатысында Қарыз алушының тапсыратын құжаттарының ең аз пакеті 9 (тоғызға) дейін қысқартылды. Бұрын 12 құжат болған.
5.Кішігірім фермер шаруашылықтарына және кредит алуға алғаш рет өтініш тапсырып отырған тұлғаларға техника мен жабдықты қалай алуға болады?
Егер өтінішкер үшін белгіленген критерийлерге сай келіп, құжаттардың толық пакеті тапсырылған жағдайда, Қоғам қандай да бір шектеусіз, агроөнеркәсіптік кешеннің барлық субъектілерін қаржыландырады.
6.Егер кепілге салатын мүлкі жеткіліксіз болса, фермер не істеуі керек?
Лизингке техника мен жабдық беру кезінде кепіл қажет емес. Ал техника мен жабдық монтажды қажет ететін жағдайларда ғимараттар (үймереттер) орналасатын жер телімдерімен қоса, лизинг затының монтажы жүзеге асырылатын ғимарат (үймерет) кепілзат болып табылады.