Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Қазақстанға мемлекеттік сапарымен келеді, деп хабарлады ҚазТАГ тілшілері Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахмановтың сөзіне сілтеме жасай отырып.
«Жақын арада бізге Түркіменстан президенті келеді. Ол мемлекеттік сапармен Астанаға келеді», — деді Қ. Әбдрахманов сәрсенбі күні диплломатиялық корпуспен кездесуде.
Бұл ретте, министр нақтылағандай, Г.Бердымұхамедовтың сапары 12 сәуірге жоспарланған.