• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 7, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Германияның бас консулы бастаған топ Оңтүстіктің инвестициялық мүмкіндігімен танысты

31.03.2017
0

Оңтүстік Қазақстан облысына өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысуға Германия Федеративті Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Йорн Розенберг бастаған германиялық делегаттар келді.

Шымкент қаласына жасаған екі күндік жұмыс сапарында германиялық кәсіпкерлер ОҚО кәсіпкерлік Палатасында, «Ontustik» туристтік-ақпараттық орталығында және «Тассай», «Оңтүстік» индустриалды аймағы мен арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарда болып, ондағы жұмыспен танысты.

Делегаттар құрамында Орта Азиядағы Германияның  экономикалық өкілдігінің орынбасары Г.Жунусалиева, «Robert Bosch» ЖШС-нің директоры В.Коломыцын, «SEW-EURODRIVE» компаниясының өкілі мен «Виртген Қазақстан» кәсіпорынның бас директоры А.Елгонов бар.

Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынас жоғары. Германия Еуропалық одақта Қазақстанның басты серіктесі болып табылады. Ал, Оңтүстік Қазақстанда бүгінде германиялық кәсіпкерлердің қатысуымен инвестиция көлемі 52 млрд. теңге болатын  3 жоба жүзеге асырылуда.

Екі елдің экономикасының әр түрлі саласында ынтымақтастық орнату мен дамыту мәселелерін талқылау мақсатында өңірге келген мәртебелі меймандармен облыс әкімі Ж.Түймебаев кездесті.

 «Бүгінде мемлекет шетел инвесторларына көптеген мүмкіндіктерді қарастырып отыр. Ал ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік саласы жолға қойылған Оңтүстік Қазақстан инвестиция салуға қолайлы өңір болып табылады. Екі жақтың ынтымақтастығын арттыру, қазақ-неміс кәсіпкерлері тәжірибе алмасып, серіктес болуға мүмкіндік тудыратын бизнес-форум  өткізу қажет. Германияның түрлі салада тәжірибесі мол екенін ескере отырып, белсенді байланыс орнатуға ниеттіміз»,- деді Ж.Түймебаев.

Сонымен қатар, әкім Германияның бас консулына Түркия еліндегідей  немістің екі автошина шығаратын зауыты  мен «Merсedes»  маркалы ауыр жүк көлігін (ФУРА) шығаратын машина құрастыратын зауытының филиалын Оңтүстік өңірінде де ашуды ұсынды.

Бас консул өз кезегінде неміс компаниялары  Оңтүстік Қазақстан облысын  дамытуға арналған әртүрлі жобаларға қатысуға дайын екендігін айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастық берік, әрі сенімді әріптес екенін жеткізді.

«Сапар барысында неміс кәсіпкерлерін көптеп тарту үшін оларға қызықты болып табылатын өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таразылау мақсатында индустриалды аймақтардың жұмысымен таныстым. Оңтүстік Қазақстан облысы мен оның орталығы Шымкент қаласы Германия үшін Қазақстанның басқа облыстарымен салыстырғанда маңызды өңір болып табылады. Себебі, күнгей аймақ халқының тығыз қоныстанғандығымен ғана емес, экономикалық жағынан өте дамыған аймақтардың бірі болып табылады. Мұнан бөлек, Қазақстан мен Германия осы жылы қос ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнатылғанына 25 жыл толуын атап өтпек. Сондықтан, Қазақстан сауда-экономикалық жағынан Германияның Орта Азиядағы сенімді стратегиялық серіктесі болып табылатынын айта өткім келеді» –деді Йорн Розенберг.

Тараптар барлық қызығушылық танытатын мәселелер бойынша тұрақты ақпаратпен алмасу және ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты барынша арттыру туралы уағдаласты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу4TweetPin

Ұқсас жазбалар

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.