Өңірімізде «Анталия» индустриялды аймағының ресми кеңсесі ашылуы мүмкін. Онда 300 мыңға жуық азаматтар жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Мұны Түркияның Анталия индустриялды аймағының делегаттары мәлім етті. Естеріңіге салсақ, күні кеше Күнгейге бір топ кәсіпкерлер келген болатын. Олар ең әуелі қаламыздағы индустриялды аймақтардың тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы кәсіпорындарды аралап көрді. Нәтижесінде облысымызда кәсіптің дамуына мүмкіншіліктің мол екеніне сенім білдірген Түркия бизнесмендері инвестиция құюға әзір екендіктерін жеткізді.
Айзада Бидан