• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қаңтар 3, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Н.Назарбаев: Елімізде қазақ тіліне қарсы бірде-бір адам жоқ. Мәселе бізде, қазақтарда

18.03.2017
0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен кездесуінде қазақ тілінің дамуы жайлы пікірін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді. «(…) Қаймығып қалғанбыз. Тілімізден де, мәдениетімізден де айырылып қала жаздаған халықпыз. Сол қорқыныш, үрей бар. Әсіресе үлкен буындарда, менің құрдастарымда. Тіліміз дамып келе жатыр еді, қайтадан қалып қалмай ма деп уайымдайды. Қазір Қазақстанда қазақтың тіліне қарсы бір адам жоқ. Жоқ. Мәселе өзімізде, қазақтарда. Қолға алып, осы тілді жетілдіру керек. Мысалы, кейбіреулердің президент қазақша сөйлемей, болмайды деп айтатынын білемін. Бізде 100 ұлт пен ұлыстар отыр. Соның барлығы президентті сайлайды, соның барлығы президенттің сөзін түсінбесе қалай болады? Сондықтан мен екі есе көп жұмыс істейтін адаммын, орысша да, қазақша да. Ресейдің, Американың, Түркияның президенттері өз тілінде сөйлейді, ал мен екі тілде бірдей сөйлеп отырған адаммын. Сондықтан бұл мәңгілік бұлай болмайды. Қазірдің өзінде қазақтың саны 70 процентке жақындап келеді. Мен айтқандай, 2025 жылға дейін дайындалып, біз қазақтың тілін барлық жерде енгізуге жұмыс жасаймыз. Бірақ солай екен деп, біле тұра басқа тілдерден ажырап қалуға да болмайды. Өкініп, айырылмайық деген мәселе емес, мәселе мәдениетте, қанша тіл білсең, соншалықты мәдениеттісің. Қазаққа орыс тілі арқылы дүниенің әдебиеті мен ғылымына жол ашылды. Ал жолдауда айтылған мәселелерді орындау үшін ағылшын тілі керек», — деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы көп тіл білуді қазақтың тіліне зиян келтіреді деп ойламау керек екенін және латынға көшуміз керек екенін айтты.  «Қазақтың тілі, қазақтың әдебиеті. Қазақтың жазушылары, зиялылары айтатынын білемін, жанымыз ашымайды деп айтуға болмайды ғой. Қазақтың мәдениет жылы деп қанша мәдениет ошақтарын аштық. Қазір университеттерде қазақша сабақ берілетін болды. Біз ептеп-ептеп латынға көшуіміз керек. Шетел терминдерін қазақтың тіліне енгізіп, тілді байытудың орнына біздің лигвистік комиссия неше түрліні ойлап тауып, аударады. Марқұм Еркеғали Рақымғали өле-өлгенше «Мен өмір-бақи композитор едім, сазгер болдым енді. Менің пианином күйсандық болды» деп айтып кетіп еді. Пианино барлық елде осылай айтылады, неге осы сөзді тілімізге енгізіп, байытпасқа? Балконды қылтима дейді, процентті пайыз дедіңдер, пайыз деген сөзді мен қолданбаймын. Барлық елде процент дейді. Өз ішімізде, елімізде, мемлекеттік басқару органдары өз тілімізде жүретін болады құдай бұйыртса. Бірақ оған асығыстық жасаудың ешқандай қажеті жоқ. Елімізде тыныштық, өзара сенім, барлығының құқығын қамтамасыз ету, дін, мәдениет, тіл бойынша ешкімді де шектемейміз, әркім өз мәдениетімен, өз тілімен өмір сүрсін. Бұл қалыпты жағдай», — деп атап өтті Елбасы. Осыған дейін Назарбаевтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап бергені хабарланған еді. Кейін журналистер саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұрақ қойған болатын. Еске салайық, Кездесуге қатысушылар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады. Кездесуге «Қазақстан», «Хабар», «МИР» телеарналарының, «Айқын» газетінің, «Esquire» журналының, «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің журналистері қатысты.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.