«Кооперация-агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізі» атты тақырыпта ұйымдастырылып жатқан семинар Төлеби ауданында да өз жалғасын тапты. Мамандандырылған құс шаруашылығын дамыту жөнінде өткен көшпелі жиынның мақсаты өңірімізде осы бір шаруашылықты ілгері жылжытып құс өсіру кәсібін жандандыруға бағытталған. Осы орайда, ОҚО-ның әкімі Жансейіт Түймебаев бұл күні Киелітас ауылында салынып жатқан құс фермасының құрылысымен танысып, жаңа жобаның іргетасына алғашқы капсуланы салды. Айта кету керек, құрамына 24 мүше біріктірілген аталмыш жоба құс шаруашылығы бағытында құрылып отырған алғашқы өндірістік кооператив болып табылады.
Абай Омар