Биыл Қазақтың хас батыры Қаракерей Қабанбайдың туғанына 325 жыл. Осыған орай елордада тарихи-мәдени қордың ұйымдастыруымен ғылыми-танымдық мәжіліс өтті. Жиында қор төрағасы Камал Әбдірахман, жазушы Тұрсын Жұртбай, ақын Несіпбек Айтұлы сияқты зиялы қауым өкілдері тағылымды ой-пікірін ортаға салды. Сонымен қатар қабанбайтанушылар Қытай және Ресей архивтерінен батыр өміріндегі біз білмейтін тың деректерді тапқанын айтты.
Мұхтарбек Кәрім, Қабанбайтанушы: — Бүкіл Қазақстанның қай облысына барсаңыз, Қабанбай жайлы аңыз-әңгімелер болады. Оны бүкіл қазақ мойындаған. Сары Шуаш айтады: «Абылай әкеп жаныңа тағын құрды ғой» деп. Яғни бұл кісі хандарға сүйеніш болған адам. Үнемі жақсы атақ алған адам. Жаманатты болғанын ешқандай ауызша деректерден кездестірмейміз.
24kz