«ҚазЭкспортГарант» Экспорттық-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ негізінде «KazakhExport» Экспорттық-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ құрылды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшілері компания баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Мұндай шешімді «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасы қабылдады, деп көрсетілген бейсенбі күнгі таратылған хабарда.
KazakhExport негізгі міндеттері экспортты ілгерілету, атап айтқанда экспорттық келісімшарттарды сақтандыру, экспортты ынталандыру, өнімдер экспорты кезінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау болып табылады. Екінші компания KAZNEX INVEST – жұмыс істеп тұрған компания. Ол бүкіл инвесторлармен бірыңғай келіссөз жүргізуші болмақ.
Бұл ретте ол осы екі компанияның әртүрлі екі бағыт үшін жауап беретінін нақтылады: KAZNEX INVEST инвестицияларды тарту жөніндегі бүкіл функцияларды біріктіреді, ал «ҚазЭкспортГарант» қазақстандық өнімдерді экспортқа ілгерілетумен айналысады.
Енді экспортқа қолдау көрсету жөніндегі мәселелердің бүкіл блогымен «ҚазЭкспортГарант» айналысатын болады.