Шымкентте 30 отбасы жалға берілетін және несиелік үйлерге ие болды.Қала әкімі
тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстады.Сондай-ақ баспана иелерін құттықтап, тұрғындарды қолжетімді үймен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Қоныс тойын тойлайтындардың қатарында 5 баланың анасы Ұлдана Есенгелдіқызы да бар. Бүгінде несиелік баспанаға қол жеткізгеніне ерекше қуанышты. Айтуынша 2021 жылдың ақпан айында кезекке тұрған. Ал бұған дейін жалдамалы пәтерде өмір сүргенін атап өтті.

Айта кетейік, жалға берілетін үйлер Қайтпас шағынауданында, ал несиелік үйлер Асар-2 елді мекенінде орналасқан. Сонлай -ақ Жаңа пәтерге ие болғандардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім балалар, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.Көп қабатты үйлер белгіленген құрылыс нормалары мен сапа талаптарына сәйкес салынып, пайдалануға берілген.
Жалпы жыл басынан 3776 пәтер кілттері табысталған. Бұл бағыттағы жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жүргізіліп, халықтың өмір сүру сапасы мен қалалық ортаның жайлылығын арттыруға бағытталған.










