Шаһардың Шығыс бөлігінде орналасқан ПетроКазакстан компаниясының аумағында кезекті өрт тактикалық оқу жаттығуы өтті. Арнайы ұйымдастырылған шараға 56 қызметкер қатысып, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібін пысықтады. Жиынның мақсаты да қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қорғаныс шараларын бақылуда ұстау.Мегаполистегі ауқымды мұнай өңдеу зауыты аумағындағы оқу жаттығудың тактикалық жұмысына сәйкес мұнай өңдейтін мұнара өртке оранды. Мекеме қызметкерлері жедел эвакуацияланып, өрт сөндірушілерге хабарлама берілді. Сол сәтте оқиға орнына құрылымды күштердің техникалары жедел жетіп, іске кірісіп кетті. Жанып жатқан мұнарадағы өртті тоқтау үшін жан жақтан көбікті шабуыл жасалды. Өрт сөндіру барысында мамандар жедел әрекет етіп, тілсіз жауды ауыздықтады.

Аталған мұнай өңдеу зауытында мемлекеттік емес өртке қарсы қызметкерлер жұмыс жасайды. Олар өрт сөндірушілер келгенше алғашқы сақтық шараларын қабылдап ,жедел әрекет етеді. Өртке қарсы 150ге жуық қызметкер жұмыс жасап, зауыт ішінде төтенше жағдайларға қарсы өздерінің сақтық жұмыстарын жүргізіп, қорғаныс шараларын ұдайы бақылуда ұстайды.Айта кетейік оқу жаттығу жиынына 15техника 59 қызметкер жасақталған. 









