Жастар кітап оқымайды деген пікір — жаңсақ. Былтыр Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 66 мыңнан астам адам қатысып, 500 мыңнан аса кітап оқыған. Биыл да жоба жалғасуда. Осы ретте М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де қазақ журналистикасының көрнекті өкілі, сөз өнерінің алыбы Байдулла Қонысбектің 85 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция өтті.
Журналистиканың қара шаңырағында қалам тербеп, талай жыл елге ақпарат жеткізген ардагердің еңбек жолы мен шығармашылығы, ұстаздық қызметі кеңінен сөз болды. Жиынға әріптестері, шәкірттері мен университет ұжымы қатысып, ақпарат айдынының айтулы үнқарының кәсіби мұрасын кейінгі буынға таныстырды.
Басқосу барысында «Журналист жүрегі» атты жинақ конференция қатысушыларына таратылды. Еңбекте қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолы һәм естеліктері қамтылған. Кітап журналистика саласына өлшеусіз еңбек сіңірген тұлғаның тағылымды жолын кейінгі ұрпаққа жеткізетін құнды дүние.
Байдулла Қонысбектің 85 жылдығына орай М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-дің телестудиясына журналистің есімі берілді. Бұл ардагер мұрасын ұлықтаумен қатар, оның кәсіби жолын жас мамандарға үлгі етуге бағытталған бастама. Енді телестудия болашақ журналистердің тәжірибе жинап, шығармашылығын шыңдайтын маңызды алаңға айналмақ.
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare