Кәсіпкерге тексеру қандай жағдайда келеді? Заңсыз тексеру жүргізілсе, бизнес өкілі өз құқығын қалай қорғай алады? Ал салық есептілігін тапсыруда қандай өзгерістер бар? Осы мәселелер әкімдік аппаратында өткен «Бірыңғай есеп беру күнінде» талқыланды. Жиын барысында кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау, тексеру тәртібі және салықтық әкімшілендіру өзгерістерін айтты.
Шымкентте кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қалада бүгінде 130 мыңнан астам бизнес субъектісі тіркелген. Оның ішінде өндіріс орындарын ашып, жұмысын кеңейтіп отырған азаматтар да бар. Оларға индустриялық аймақтардан дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелері ұсынылады. Ал арнайы экономикалық аймақтарда бірқатар салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бизнеске жүргізілетін тексерулердің заңға сай болуы да маңызды. Себебі мемлекеттік органдар тарапынан бақылау жүргізілген кезде Кәсіпкерлік кодексінің талаптары сақталуы тиіс. Жиында осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі де айтылды. Мамандардың мәліметінше, жыл басынан бері заңсыз жүргізілген тексерулер де анықталған.
Кәсіпкерлер үшін салық есептілігін тапсыру тәртібі де өзекті. Себебі есеп-қисаптағы қателік немесе есепті уақытында ұсынбау қосымша жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Осыған байланысты биыл салықтық әкімшілендіру жүйесінде бірқатар өзгеріс енгізілді. Мамандар жаңа тәртіптің кәсіп иелеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталғанын түсіндірді.
Бірыңғай есеп беру күнінде кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелер бойынша жауап алды. Әсіресе тексеру кезінде заң талаптарын сақтау, кәсіпкердің құқығын қорғау және салықтық есептілікті дұрыс жүргізу мәселелеріне басымдық берді. Мамандар мұндай кездесулер бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare