Ресми деректерге сүйенсек әлемде 39 секунд ішінде 1 адам интернет алаяқтықтың құрбаны болады. Олардың басым бөлігі кәмелеттік жасқа енді толған азаматтар. Мұндай құйтырқы істердің алдын алу үшін, қаладағы цифрлық басқарма өкілдері мектеп қабырғасындағы жас өрендерге ненің ақ ненің қара екенін ашып айтты.
Әдетте мұндай алаяқтық түрі елден жырақта, яғни шет елден хабарласу арқылы жүзеге асады. Сондай ақ әккілер тек телеграм және ватсап әлеуметтік желілермен байланысқа шығады. Өйткені, қарапайым желімен қоңырау соқса арнайы колл центр орталығының қызметкерлері бірден бұғаттап тастайды. Сондықтан тұрғындар сырттан келетін қосымша хабарламалардан сақтанғаны жөн.
Соңғы кездер де жасанды интелекттің дамуы айтарлықтай қауіп әкелді. Оған себеп қоғамда кеңінен етек алған Дипфейк ұғымы. Ол не дерсіз, онда айтайын. Дипфейк жасанды интеллекттің көмегімен адамның бет-бейнесін, дауысын немесе қимылын шынайы көрінетіндей етіп өзгерту немесе мүлде жаңадан жасау технологиясы. Одан келетін шығын көбіне әлемжелінің қыр сырынан бейхабар жас өрендерге, содан кейін олардың ата аналарына тиеді. Бірді бірге қосып әрең жүрген азаматтар опық жейді. Десе де мұның жай жапсарын кеңінен түсіндіру арқылы алдын алуға болады. Ол үшін Ютуб қосымшасын ашып, алаяқтық түрлерімен таныссаңыз болғаны, бәрі жіті тізбектеп айтылған.
Мұның алдын алу үшін ПД де қол қусырып отырған жоқ. Тиісінше қоғамда профилактикалық түсіндірме жүмыстарын жүргізуде. Бұл тұрғыда тұрғындарға банктік есеп шоттарды және смс код нөмірлерін ешкімге айтпау қажеттігін жеткізді.
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok











