• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қыркүйек 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА

17.09.2026
0

Шымкентте жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына байланысты 9 жағдай тіркелген. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оның 4-і қайғылы жағдаймен аяқталып, 5 бала түрлі дене жарақатын алған. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында Тұран ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Мамандар тұрғын үйлерді аралап, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмаудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, қауіптің алдын алу үшін тұрғындарға терезеге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнатуды ұсынды. Іс-шара барысында олар үлгі ретінде екі үйдің терезесіне бала өздігінен аша алмайтындай арнайы бекіткіш орнатты.

Департамент мәліметінше,осы жаз айында аудан аумағында балалардың терезеден құлауына қатысты 3 жағдай тіркелген. Абырой болғанда, бұл оқиғалардың ешқайсысы қайғылы жағдаймен аяқталмаған. Негізінен мұндай жағдайлардың басым бөлігі бала үйде ересектердің бақылауынсыз қалған кезде немесе ата-ана басқа бөлмеге алаңдап кеткен сәтте орын алады. Осындай кезде терезедегі бекіткіштердің қорғап қалу мүмкіндігі жоғары болады.

Жалпы қарапайым сақтық шараларын елемеудің соңы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Сондықтан бала қауіпсіздігі ата-ана үшін де, қоғам үшін де басты назарда болуы тиіс. Терезеге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнату, москит торына сенбеу және баланы қараусыз қалдырмау – қайғылы жағдайлардың алдын алудың негізгі талаптары. Басты мақсат – қауіптің алдын алып, бала өмірін қорғау.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘР 39 СЕКУНДТА 1 КИБЕРҚЫЛМЫС

ӘР 39 СЕКУНДТА 1 КИБЕРҚЫЛМЫС

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Ресми деректерге сүйенсек әлемде 39 секунд ішінде 1 адам интернет алаяқтықтың құрбаны болады. Олардың басым бөлігі кәмелеттік жасқа енді толған...

Ы. АЛТЫНСАРИН КӨШЕСІ ТАМЫЗ АЙЫНДА ТОЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Ы. АЛТЫНСАРИН КӨШЕСІ ТАМЫЗ АЙЫНДА ТОЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте құрылысы созбаланға салынған Алтынсарин көшесі техникалық режимде көлік қозғалысына ашылды. Бұл қаладағы ірі жол инфрақұрылымы жобаларының бірі. Жалпы, шаһарда...

55 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЙЫППҰЛДАН БОСАТЫЛДЫ

55 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЙЫППҰЛДАН БОСАТЫЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте әкімшілік рақымшылық аясында мыңдаған азаматтың айыппұл берешегі есептен шығарылды. Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты күшіне енген заң негізінде 55 мыңнан...

САРБАЗДАР КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

САРБАЗДАР КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкент гарнизонының 35748 әскери бөлімінің сарбаздары «Сарбаз Олимпиадасында» күміс жүлдеге ие болды. Әскерилер арасында алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа 14 командадан...

ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Шара аясында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді. Азаматтар білікті заңгерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен...

40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Баспаналы болуды жылдар бойы күткен тағы 40 отбасының арманы орындалды. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.