• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚОС САЯБАҚ АШЫЛДЫ

23.06.2026
0

Қала күні қарсаңында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлы Шырайлы Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол қала әкімімен бірге жаңғыртудан өткен екі саябақтың ашылу рәсіміне қатысты. Бұған дейін «Қиял әлемі» және «Кен баба» атауларымен белгілі болған демалыс орындары толық жаңартылып, заманауи келбетке ие болды. 19 маусым – Шымкент қаласының күні. Айтулы мереке қарсаңындағы жұмыс сапары Шымкент халықаралық әуежайынан басталды. Мұнда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков әуежай терминалының жұмысын таныстырып, қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады. Сонымен қатар, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары әуежай аумағында салынып жатқан екінші ұшу-қону жолағының құрылыс барысымен танысты. Құны 46 миллиард теңгені құрайтын жоба 2027 жылы аяқталады деп жоспарланған. Жоба іске қосылғаннан кейін әуежайдың өткізу қабілеті артып, қолайсыз ауа райы жағдайында, оның ішінде тұман кезінде де әуе кемелерін қабылдау мүмкіндігі едәуір жақсарады.

 Бұдан кейін жұмыс сапары жаңаша үлгіде қайта жаңғыртылған «City Park» саябағында жалғасты. Ашылу рәсіміне Үкімет басшысының бірінші орынбасары мен қала әкімі, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері және мәслихат депутаттары қатысты. Олар жаңа саябақтың лентасын қиып, нысанды ресми түрде ашты.


Жаңа демалыс орны бұрынғы «Қиял әлемі» саябағының орнында бой көтерген. Заманауи талаптарға сай жабдықталған нысан тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне және жайлы демалуына мүмкіндік береді. Ашылу салтанатына жиналған қауым саябақты аралап, мұнда атқарылған жұмыстармен танысты.

Одан әрі делегация жапон стилінде абаттандырылған жаңа саябаққа барды. Мұнда жиналған қауым саябақтың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, ішін аралап көрді.Жалпы жаңа демалыс аймағы бұрынғы «Кең баба» саябағының орнына салынған. Ерекше сәулеттік шешіммен безендірілген нысан жапон эстетикасын дәріптеп, тұрғындарға тынығуға қолайлы орта қалыптастырады.
Жалпы аумағы 19,6 мың шаршы метрді құрайтын саябақ толық абаттандырылған. Мұнда жапондық бақ мәдениетінің элементтері, сәндік сәулет нысандары мен жасанды су айдындары үйлесімді орналастырылған. Саябақты аралап, атқарылған жұмыстармен танысқан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Шымкент қаласының қарқынды дамуына оң бағасын берді.

Осылайша, Шымкент қаласының күні қарсаңында тұрғындарға екі бірдей жаңа демалыс орны тарту етілді. Заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртылған саябақтар қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, шаһардың сәулеттік келбетін айшықтай түсті. Алдағы уақытта да мегаполисте тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

Previous Post

«WORLDSKILLIS -2026» ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Next Post

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНА ТОСҚАУЫЛ

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Баспанаға қол жеткізу – әр отбасының басты арманы, ал әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар үшін бұл мәселенің маңызы тіпті жоғары....

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.