• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНА ТОСҚАУЫЛ

23.06.2026
0

Бір телефон қоңырауы немесе жалған хабарлама. Осылайша мыңдаған адам алаяқтардың арбауына түсіп жатыр. Әсіресе, егде жастағы азаматтар жиі зардап шегуде. Осы мәселенің алдын алу мақсатында Шымкентте зейнеткерлердің құқықтық әрі цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. 200-ге жуық зейнеткердің басын қосқан жиында алаяқтықтың алдын алу жолдары түсіндірілді. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен өткен шара алдымен зейнеткерлерге арналған сергіту сәтінен басталды. Бір мезетте 200 зейнеткер ән шырқап, би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара қатысушылардың белсенділігін арттырып, алдағы түсіндіру жұмыстарына деген қызығушылығын оятуға бағытталған.Негізінен мұндай іс-шаралар интернеттің қарқынды дамуы мен алаяқтық әрекеттердің көбеюіне байланысты уақыт талабынан туындап отыр. Қазіргі таңда алаяқтар көбіне егде жастағы азаматтарды нысанаға алады. Солардың бірі 70 жастағы Қайыңкүл Айнабалаева алаяқтардың арбауына түсе жаздағанын айтты. Оның сөзінше, алаяқтар өзін алдап, атына несие рәсімдеуге әрекеттенген. Алаяқтардың дәл осындай зейнеткерлерді нысанаға алуы бекер емес. Өйткені олар егде жастағы адамдарды тез сенгіш деп есептейді. Сондықтан бүгінде қалада киберқауіпсіздік бойынша түсіндіру және алдын алу шаралары жиі ұйымдастырылуда. Соның бірі – Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өткізілетін арнайы кездесулер. Мұнда зейнеткерлерге алаяқтардың түрлі айла-тәсілдері түсіндіріліп, күмәнді жағдайларда қалай әрекет ету қажеттігі жөнінде кеңестер беріледі.

Жалпы, ашық аспан астында өткен шара барысында департамент мамандары тұрғындарға қаржылық қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, интернет алаяқтарының кең таралған тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға сақтықпен қарау, жеке деректерді ешкімге бермеу және күмәнді сілтемелерге өтпеу қажеттігі ескертілді. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, тұрғындарды цифрлық сауаттылықты арттыруға шақырды.

Previous Post

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚОС САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Next Post

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Баспанаға қол жеткізу – әр отбасының басты арманы, ал әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар үшін бұл мәселенің маңызы тіпті жоғары....

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.