• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Тамыз 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЫР ДОДАСЫ ӨТТІ

22.06.2026
0

Сөз барымтасының саңлақтары Шымкентте бас қосты. Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Шырайлы, шежірелі, құтты мекен» атты республикалық ақындар айтысында еліміздің әр өңірінен келген дүлдүлдер жырдан шашу шашып, көрерменге ерекше рухани кеш сыйлады. Шымкентте Қала күні мерекесі аясында ұлттық өнерді ұлықтаған айтулы рухани кеш өтті. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Шырайлы, шежірелі, құтты мекен» атты республикалық ақындар айтысы биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп, жыр сүйер қауымның басын қосты. Қазақтың төл өнерін насихаттап, сөз құдіретін дәріптеуді мақсат еткен дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен танымал айтыскер ақындар арнайы келді. Жалпы саны 12 ақын алты жұп болып өнер көрсетіп, көрерменге тартысты да тағылымды айтыс сыйлады. Суырыпсалма өнердің саңлақтары елдік пен бірлікті, туған жердің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін жырға қосып, қоғамдағы өзекті мәселелерді де назардан тыс қалдырмады.

Жыр додасының шымылдығын Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтай ашып, айтысты жоғары деңгейде жүргізіп отырды. Оның шебер жүргізушілігі мен көрерменмен етене байланысы рухани кештің мазмұнын байыта түсті. Ал қазылар алқасына Қазақстанның халық жазушысы, қазақ айтыс өнерінің абызы Жүрсін Ерман төрағалық етті. Айтыстың әділ бағалануына белгілі ақын-жазушылар мен мәдениет саласының майталмандары атсалысты. Кеш барысында ақындар Шымкенттің өткені мен бүгініне тоқталып, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени әлеуеті мен тарихи тамыры туралы әсерлі ой өрбітті. Сондай-ақ, қаланың шырайлы келбеті, тұрғындардың ауызбіршілігі мен елдің болашағына деген сенімі жырға арқау болды.

Көрермендер әр жұптың айтысын зор ықыласпен қабылдап, ақындардың тапқыр әзілдері мен өткір ойларына қошемет көрсетті. Ұлттық өнерге деген халықтың құрметі мен қызығушылығының жоғары екені тағы бір мәрте байқалды. Айтыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған ақындар арнайы марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды. «Шырайлы, шежірелі, құтты мекен» атты республикалық ақындар айтысы – қазақтың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан сөз өнерін дәріптеп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне серпін беретін маңызды мәдени шаралардың біріне айналып отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкентте «Абай сөзі –...

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

КҮН САЙЫНҒЫ ЕРЛІК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Бір күн. Ондаған тапсырма. Жүздеген адамның қауіпсіздігі. Бұл – полиция қызметкерінің қалыпты жұмыс күні. Форманың ар жағында қандай жауапкершілік жатыр?...

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Жүктілік – әйел өміріндегі ең жауапты кезең. Бірақ осы уақытта мемлекет қандай медициналық көмекті тегін ұсынады? Ал МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған...

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Шымкентте мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысатын азаматтар үшін тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау басталды. Қайтарымсыз негізде берілетін бұл әлеуметтік қолдау...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.