Әйелге мүмкіндік беру — оның арманына қанат бітіріп, тұтас қоғамның дамуына серпін береді.Нәзік жандылардың бойындағы осы әлеуетті қолдап, жаңа қадамдарға жол ашу мақсатында шаһарда «Күзгі шабыт – Жаңа мүмкіндіктер» атты іс-шара өтті. Мұнда ұлттық қолөнер мен кәсіпкерлік тоғысып, әйелдердің тың идеялары мен еңбектері көпшілікке ұсынылды. Жиын аясында 30ға жуық кәсіпкер жәрмеңкеге өз өнімдерін шығарып, көпшілік назарына ұсынды. Мұндағы қолөнер бұйымдары, ұлттық нақыштағы заттар, әшекейлер мен кондитерлік өнімдер — әйелдердің еңбегі мен шығармашылық ізденісінің көрінісі.
30 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ
Шымкентте 30 отбасы жалға берілетін және несиелік үйлерге ие болды.Қала әкімі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтерлердің кілтін салтанатты түрде...











