• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап, ел дамуының жаңа кезеңінде барлық прогрессивті саяси күштерді ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Съезге Қазақстанның барлық өңірінен келген делегаттар, Саяси кеңес мүшелері, Парламент депутаттары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты. Жиында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары елдің жаңа келбетін қалыптастырып жатқанын айтты. Оның сөзінше, тәуелсіздікті нығайту, халықтың әл-ауқаты мен ұлттық бірлік бүгінде басты құндылықтарға айналды. Партия төрағасы қос партияның бірігуін барлық деңгейдегі партия мүшелері қолдаған саяси үдеріс деп бағалады. Сондай-ақ съезде Президенттің саяси бағытын іске асыру аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Ерлан Қошановтың баяндамасынан кейін делегаттар күн тәртібіндегі мәселе бойынша ашық дауыс берді. Нәтижесінде депутаттар мен партия өкілдері ұсынылған бастаманы бірауыздан қолдап, тиісті шешім қабылдады. Осы шақырылымда бастамашылық етілген 118 заң жобасының 104-ін «AMANAT» фракциясының депутаттары әзірлеген. Бұл барлық заңнамалық бастамалардың 88 пайызын құрайды. Бұдан бөлек, депутаттар халықпен мыңдаған кездесу өткізіп, өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жүздеген депутаттық сауал жолдады. Партия әлеуметтік жобалар арқылы да нақты нәтижелерге қол жеткізді. «Қарызсыз қоғам» жобасы азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етсе, «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік берді. Ал «Жер аманаты» жобасы аясында мемлекетке миллиондаған гектар жер қайтарылды.

Үш жыл ішінде «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының 70 пайызы орындалды. Осы уақыт аралығында жүздеген мектеп салынды, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы көтеріліп, медицина саласында жаңа нысандар пайдалануға берілді. Сонымен қатар ауылдық жерлерге жұмысқа баратын дәрігерлерге көтерме жәрдемақы қарастырылды. Партия өкілдерінің айтуынша, екі саяси күштің бірігуі – Әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл шешім елдің тұрақты дамуына бағытталған реформаларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ортақ құндылықтар мен ұлттық мүдде төңірегінде топтасқан саяси күштердің әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Съезд барысында қабылданған шешімдер партияның алдағы кезеңдегі басым бағыттарын айқындап, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстардың жалғасатынын көрсетті. Делегаттар елдегі саяси жаңғыру үдерістеріне қолдау білдіріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды бірлесіп жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Previous Post

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БАҚ СЫНАДЫ

Next Post

ӨЗБЕКСТАН: ТУРИЗМ ДАМЫҒАН КӨНЕ ҚАЛА — БҰХАРА

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.