Шымкент қаласын да 35 мың жанкүйер тамашалайтын стадионның іргетасы қаланды.Заманауи үлгіде болатын нысанға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков “Shymkent stadium” аренасының капсуласын алғашқылардың бірі болып салды. Әлемдік додалар өткізуге мүмкіндік беретін шараға футбол жұлдыздары,танымал блогерлер, спорт жанкүйерлері қатысты.
Жаңа арена 21 гектар аумақты құрайды.”Shymkent stadium”аренасы Қазақстандағы ең үлкен стадиондардың бірі болмақ.Тұран-2шағын ауданында салынатын футбол алаңы туризмның дамуына да ықпал етеді. Сонымен бірге іс-шараға Футбол ардагерлері мен қоғам белсенділері, «Ордабасы» клубының қызметкерлері, жаттықтырушылары және ойыншылары, қатысты.Жаңа заманауи стадионның құрылысы 2026жылдың 4інші тоқсанын да аяқталатыны жоспарланып отыр.
Халық асыға күткен жаңа стадионның құрылысы қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығын тудыра отырып, жанкүйерлерге ойын кезінде шабыт сыйлайтыны сөзсіз. Елімізде жалпы 219 стадион бар.Заманауи үлгіде салынатын спорт ғимараты халықаралық деңгейдегі матчтарды өткізу үшін УЕФА-ның барлық талаптарына сай болады.Айта кетейік Шымкент қаласында қазіргі таңда бір ғана стадион бар — ол Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы «Орталық» стадион. Іргетасы 1969 жылы салынып бітті. Сыйымдылығы – 18 000 орын. Кеңес кезінде «Октябрдің 50 жылдығы» деп аталды. КСРО чемпионаттарында Шымкенттің «Металлург»,»Мелиоратор», «Синтез» және «Достық» клубтары өз алаңындағы матчтарын өткізіп жүрді. Кейін 2003 жылдан бері «Ордабасы» клубының негізгі аренасы болды.