• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ПОЛИЦЕЙЛЕР КӘСІБИ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

24.06.2024
0

23 маусым – полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Биыл Қазақстан полициясының  32 жылдығына орай, Шаһарымызда кең көлемде іс-шара аталып өтілді. Мереке қарсаңында,  Асар шағын ауданында орналасқан №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында «КАДЕТ сыныбы» ашылды. Онымен қоса, учаскелік полиция қызметкерлері үшін 54  жаңа қызметтік автокөліктер табысталды. Және де департамент ауласында қызмет бабында қаза болған қызметкерлерге арналған мемориалдық кешен орнатылып, 1 минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімі жасалды. Өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтап, тыныштықты күзету жолында полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен. 23 маусым дәл осы үлкен жауапкершілік пен жанкешті еңбекті талап ететін мамандық иелерінің төл мерекесі. Аталмыш күн қарсаңында қалалық полиция департаментінің алаңында Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге жүздеген погондылар жиналды.
Іс-шараға мегаполис әкімінің орынбасары Айдын Каримов қатысты. Өздерінің адал қызметімен халықтың құрметіне ие болған ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің туыстары да шақырылды. Шара заң бұзушылықтарға қарсы күресте өз өмірін қиған сақшыларға арналған мемориалдық кешеннің ашылуымен басталды. Генералдар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мемориалдық тақтаның орнатуына жақын туыстары қатысып, ерекше құрмет көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Департамент бастығы Думан Таев әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген полицейлерді марапаттады. 100-ден астам құқық қорғаушыға ҚР Ішкі істер министрі мен Шымкент қаласы полиция департаментінің арнайы марапаттары табысталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Сондай-ақ, мереке күні қарсаңында Департамент бастығы полиция генерал-майоры Думан Таевтың қатысуымен Шымкент қаласы Әкімшілік іскерлік орталығы алдында Учаскелік полиция қызметкерлері үшін 54 жаңа қызметтік автокөліктер тапсырылды. Су жаңа көліктер ел тыныштығын күзетіп, темірдей тәртіпті сақтап жүрген полицейлер қызметінің жеделдігін арттырып, облыстағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге септігін тигізбек.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Астана алаңында ұйымдастырылған мерекелік жиынға әскери қызметшілер, Қарулы Күштердің...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ТҰРАН АУДАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Осыдан шамамен бес ай бұрын Тұран ауданына қарасты Айкөл шағын ауданы сапалы ауызсумен толық қамтылды деген ақпарат жарияланған болатын. Алайда...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

9 мамыр – Ұлы Жеңіске 81 жыл толды. Осыған орай Шымкент қаласында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті....

ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Саз колледжінің студенттері халықаралық және республикалық байқауларда топ жарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Жас өнерпаздар түрлі шығармашылық додаларда жүлделі...

БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БӘСЕКЕСІ ылғары қолғап шеберлерінің бәсекесі

ҰЛТ ӨНЕРІН ҰЛЫҚТАҒАН САЗГЕРЕ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Қазақ музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі 60 жасқа толды. Мерейтойына орай үшінші...

БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БӘСЕКЕСІ ылғары қолғап шеберлерінің бәсекесі

БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БӘСЕКЕСІ ылғары қолғап шеберлерінің бәсекесі

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Шымкентте бокстан республикалық турнирдің шымылдығы түрілді. Биылғы додаға еліміздің 14 облысынан және Өзбекстан Республикасынан келген 253 спортшы қатысуда. Рингте былғары...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.