Халықаралық олимпиададан шымкенттік 9 оқушы жүлделі орын алды. Олар 2 алтын, 5 күміс, 2 қола медальді ел қоржынына салды. Нәтижесінде үшінші мегаполистің олимпиадалық командасы халықаралық олимпиадалардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ең үздік олимпиадалық командасы болып танылды. Беделді шетел университеттеріне оқуға шақырту алып үлгерген жүлдегерлер ғылым мен білімнің дамуында осылайша үздік шықты. Дарынды балаларды қолдау, дамыту және әлеуметтендіру өте маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дарынды балаларды қолдау мақсатында биыл алғаш рет халықаралық зияткерлік сайыстардың жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алуға гранттар беріледі. Мектеп оқушыларын жарысқа дайындаған ұстаздарға да біржолғы сыйақы қарастырылған. 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....










