Халықаралық олимпиададан шымкенттік 9 оқушы жүлделі орын алды. Олар 2 алтын, 5 күміс, 2 қола медальді ел қоржынына салды. Нәтижесінде үшінші мегаполистің олимпиадалық командасы халықаралық олимпиадалардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ең үздік олимпиадалық командасы болып танылды. Беделді шетел университеттеріне оқуға шақырту алып үлгерген жүлдегерлер ғылым мен білімнің дамуында осылайша үздік шықты. Дарынды балаларды қолдау, дамыту және әлеуметтендіру өте маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дарынды балаларды қолдау мақсатында биыл алғаш рет халықаралық зияткерлік сайыстардың жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алуға гранттар беріледі. Мектеп оқушыларын жарысқа дайындаған ұстаздарға да біржолғы сыйақы қарастырылған. 
ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Шымкентте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің сапасы тұрақты бақылауда. Қазір қалада 175 көпқабатты тұрғын үй кепілдік мерзімінде тұр. Анықталған құрылыс кемшіліктерін...










