Медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдарын шығаруда «Эко Фарм» ЖШС-нің әлеуеті жоғары. Заманауи үлгімен жабдықталған кәсіпорында қорғаныш киімдері, обаға қарсы жиынтықтар мен маскалар шығарылады. «Тассай» индустриалды аймағындағы жобаның құны — 3,4 млрд теңгені құрайды. Мұнда жылына 17 түрлі 600 мың дана қорғаныс киімі өндіріледі. Нақтырақ, медициналық киім мен іш киімнің – 500 мың, медициналық маскалар мен респираторлардың – 100 млн, медициналық қорғаныс көзілдірігінің — 1 млн данасы нарыққа шығарылады. Шымкентте өндірілген тауарларға Астана, Алматы, Түркістан, Қарағанды қалаларынан сұраныс зор. Қазір көрші елдермен де тапсырыс бойынша тиісті келісім шарттар жасалуда. Бүгінде өндіріс орнында 250-ден астам адам жұмыспен қамтылған.
ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ
Заң қызметтерінің қолжетімділігі бүгінгі күннің маңызды мәселенің бірі. Тақырыпты кеңінен талқылау мақсатында Ospanova Law Group компаниясының директоры, құқықтану саласының маманы,...