«Asia Trafo» – қазақстандық электр машина жасау саласындағы жетекші өндіруші құрамына кіретін ең ірі зауыт. 2018 жылдың желтоқсанында іске қосылған нысан Шымкент қаласының «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан. Бүгінде 250 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде. Зауыттың негізгі шығарылатын өнімдері авто, күштік май трансформаторлары. Жобалық қуаты жылына 12 000 мегавольт-амперден асады. Зауыт өнімдері тек ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар шетелде де сұранысқа ие. Қазақстанның Шымкент, Түркістан, Павлодар, Өскемен, Ақтау, Қарағанды, Атырау, Астана сияқты трансформаторлық қосалқы станцияларында орнатылған. Индустриалды аймақтағы сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Украина мен Ресейден шетелдік мамандар шақырылып, тәжірибе алмасуда.
ИДЕОЛОГИЯ — ҚУАТТЫ КҮШ
Ұлтты ұйыстыратын да, ұяны бұзатын да – ұлттық идеология. Қоғамның кеселін анықтап, оны емдеуші, отбасы, жастар, билік институтын берік қалаушы...