• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ — МЕГАПОЛИСТЕГІ БІРЕГЕЙ НЫСАН

12.08.2023
0

Шымкенттік ата-аналар жаңадан ашылған №2 Оқушылар сарайының жұмыс барысымен танысты. Ұлттық ерекшеліктер мен цифрлы тенденцияны ұйыстырған орталықта 53 үйірме жұмыс жасауда. Бірегей нысанды өзгелерден айшықтайтыны – өнер, спорт, тілдік үйірмеден бөлек, ғылымға негізделгені. Яғни, заманауи құрылғымен жабдықталған зертханалар жас ғалымдарды тәжірибе алаңына топтастырып, теорияны практикамен пысықтап отырады. Оқышылар сарайының ашылғанына 2 айға жуық уақыт өткенімен, 2500-ден аса бала тіркеліп, таңдауына қарай түрлі үйірмелерге қатысып жатыр. Орталықпен аталған нысанның директоры Данияр Егізбаев таныстырды.

Баланың дарынын дамытып, шығармашылығын шыңдауда үйірмелер мен қосымша білім орталықтарының маңызы зор. Мегаполисте мұндай жерлер жетіп артылады. Дегенмен, түрлі бағыттағы үйірмелерді бір орыннан табу қиын. Ал, қала күні қарсаңында ашылған жаңа Оқушылар сарайы 60-қа жуық сала бойынша балалармен жұмыс істейді. Жаңа орталықтың жұмысы жұртшылыққа әлі де беймәлім болғандықтан мекеме басшылығы  ата-аналар үшін ашық есік күнін өткізді.

Тоғыз жүз мың шаршы метрді алып жатқан үш қабатты ғимаратта оқушылар үшін ғылыми-техникалық, спорт және сауықтыру, гуманитарлық, көркем-эстетикалық бағытқа топтасқан 53 үйірме істеп жатыр. Иә, орталықтың басқалардан ерекшелігі — ғылыми бағытқа баса мән берген. Практикалық физика, химия, биотехнология кабинеті мен бағдарлама жасау, автоматика, дизайн және 3Д модельдеу, ЛЕГО құрылысы, ұшақты модельдеу үйірмелері ғылыми бағытқа бет бұрған оқушылар үшін тәжірибе алаңы болмақ.

Ерекше балалар үшін де барлық жағдай жасалған. Спорт үйірмесінде арнайы бассейн болса, гуманитарлық салада қимыл-қозғалысы, тілдік дағдыларымен жұмыс істейтін кәсіби маман және жаңа үлгідегі құрал-жабдықтар бар.Спорт секторындағы жаттықтырушылар кәсіби спорт шеберлері. Мекеме басшысы негізгі сұраныстың бірі – бассейн екенін айтады. Бассейн күніне 400 балаға қызмет етуге қауқарлы.  Бастысы, орталықтағы барлық үйірме ақысыз. Оқушылар сарайы тәулігіне 4 ауысымда жұмыс істеп, 7-18 жас аралығындағы 2000 баланы түрлі үйірмеге қабылдай алады. Цифрлылықтың тағы бір көрсеткіші ретінде үйірмеге тіркеуді айтуға болады. Ата-ана құжатты орталыққа емес, «Миндаль KZ» электронды сайт арқылы тіркейді. Мұндай орталықтың мегаполисте әзірге баламасы жоқ. Гуманитарлық бағыт бойынша көзге түскен тағы бір ерекшелік – медиа орталық, дыбыс жазу, мобилография, СММ-ге арналған фото-видео сыныбы мен дебат клубы болды. Жастардың медиасыныпқа деген қызығушылығы да ерекше.

Орталық — ұлттық өнерге де ерекше мән берген. Сәндік-қолданбалы, бейнелеу, вокал, қыш жасау, қолөнер үйірмелері жұмыс істейді. Тігін тігіп, ою-өрнек салуды, түрлі әшекей бұйымдарын үйренуге қызыққан қыз балалар көп.

№2 оқушылар сарайына басқа мекеменің үйірмесіне жазылған балалар қатыса алмайды. Себебі, миллионды қаланың жас балаларын шеттетпей, мүмкіндігінше барлығын қамту. Шаһарда алдағы 3 жыл ішінде дәл осындай 4 нысан салынбақ.

 

Previous Post

ҚАЙТА ӨҢДЕУШІ КӘСІПОРЫНДАРҒА ҚОЛДАУ БАР

Next Post

ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.