Құжаты, рәсімдейтін қағазы көп мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу жылдамдай бастады. Мәселен, некені тіркеу үшін жас отбасы 1 ай уақыт күткен болса, ендігі 15 күннің ішінде отбасы екенін растайтын куәлікті алады. Сондай-ақ, қайтыс болғандығы туралы куәлік те берілмейді. Жай ғана медициналық ұйымның өмірден өткендігі туралы құжатын енгізгенде қайтыс болу туралы акт жазбасы автоматты түрде тіркеледі. Өзгерістердің ең маңыздысы – ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бастап азаматтардың хал-актілерін тіркеу функциясы жергілікті органдардан Азаматтарға арналған үкіметке берілмек.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...











