• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН: «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРДЫҢ» ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

15.09.2021
0

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясының күн тәртібінде қаралған  Түркістан облысының «Құрметті азаматы»  атағын 7 азаматқа беру туралы ұсыныс депутаттар тарапынан қолдау тауып, бірауыздан шешім қабылданды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан Абдулла Ахметов, Тілеуберді Бинашев, Қалыйма Жантөреева, Дархан Мыңбай, Кенжехан Төлебаев, Әбдіжаппар Оңалбаев, Сексенбай Тұрысбеков сынды ел ағаларының еңбегі бұл атаққа лайық деп танылды.

1. Абдулла Ахметов — «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК ОҚО филиалының директоры

Еңбек жолын 1972 жылы Кентау қаласындағы «Мыргалымсайсвинецстрой» тресінің құрылыс материалдар комбинатында мастер қызметінен бастаған.

1973-1980 жылдары трест «Мырғалымсайсвтнецстрой» комсомол комитетінің хатшысы, Кентау қалалық комсомол комитетінің екінші хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Мәскеу қаласының БЛКЖО Орталық комитетінің Украина және Молдавия Республикалары бойынша жауапты ұйымдастырушысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1980-1982 жылдары Түркістан қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық денешынықтыру және спорт комитетінің төрағасы,   1992-1996 жылдары – ЖШС «Зият» Фирмасы, ЖШС «Алемимпекс» фирмасының директоры, «Оңтүстік» акционерлік-өндірістік жеткізу және өткізу компаниясының коммерциялық фирмасының директорының орынбасары, 1996-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі еңбек басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі аппаратының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің батығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы бастығы, бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры қызметтерде жұмыс атқарды. Ал, 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек қорғау жөніндегі ғылымы-зерттеу институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры қызметің атқарып келеді.

Қызмет атқарған жылдар ішінде халық депутттары облыстық Кеңесінің депутаты болып 2 рет сайланған.

Түркістан, Кентау қалаларының және Шардара ауданының Құрметті азаматы атағының иегері.

2. Тілеуберді Бинашев — «Өнер ордасы музейі» ЖК –нің директоры, көркем академиясының академигі

 Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылында дүниеге келген. Бала кезінен мүсін өнеріне қызығып, ағаш жонып, тастарды қашап, мүсінмен әуестенген. Халқымыздың басынан кешкен түрлі оқиғаларға байланысты композициялық монументтер жасаған. Жасаған дүниелерінің ішінде Абылай хан, Кейкі батыр, Қарасай батыр, Шақшақ Жәнібек, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Қажымұқан, Бауыржан Момышұлы, Шәмші Қалдаяқов, Дінмұхаммед Қонаев, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова сияқты тарихи тұлғалар мен қоғам, әдебиет, мәдениет қайраткерлерінің мүсінін жасаған. Шаңырағын шағын мұражай-көрмеге айналдырған. Мүсіншінің еңбектері бірнеше республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысқан.

Арыс қаласындағы орталық алаңда эпостық жырға сүйенген, сәтті бейнеленген «Мұңлық-Зарлық» символикалық ескерткішін тұрғызды. Туған жерінде Алатау батыр ескерткіші орнатылған.

Түркістан қаласы оқушылар сарайының алдында Абай, Түркістан қалалық музыкалық драма театрдың алдында Әл-Фараби және «Ақжайық» музыка мектебінің алдында Шәмші Қалқаяқовтың ескерткіштері қойылды. Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістанда жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының алдында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа биіктігі – 4 метр, тұтастай қоладан құйылған ескерткіші орнатылды.

 «Мұңлық-Зарлық», «Керей-Жәнібек», «Баба рухы» монументтері, Қажымұқан, Абылайхан, Құрманғазы, Күләш Байсейтова ескерткіштері Т.Бинашевтің өнердегі эпикалық кең құлашын көрсетеді. Лирикалық лебі бар «Атамекен», «Әуен», «Сырласу», «Байырқұмның баласы», «Көктемгі жаңбыр», «Сүйінші» «Қиял» «Бинаш ата», «Аршагүл ана», «Байырқұмның қыздары», «Кемпірқосақ», «Дала қызы», «Сыр бойы» «Сағыныш» және т.б. туындылары туралы көп сөз айтуға болады.

Марапаттары : ҚР Мәдениет  Министрлігінің «Мәдениет қайраткері»,  «Алпамыс батыр» медалі, Ордабасы ауданының «Құрметті азаматы», ҚҚ «ҚР Көркем Академиясының Академигі, Арыс қаласының «Құрметті Азаматы», «Талғат Бигельдинов» атындағы медалі, «Сағадат Нұрмаханбетов» атындағы медалі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі, «Алтын адам» сыйлығының мүсіншісі.

3. Қалыйма Жантөреева — «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары

  Жантореева Калыйма 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,  Қызылқұм ауданы, қазіргі Отырар ауданы Отырабат станциясында дүниеге келді. Білімі жоғары. Қарағанды кооперативтік институтын, Алматы экономикалық университетін, Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетін, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеттерін  үздәк бітірген.  Мамандықтары: тауартанушы, экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару .

 Еңбек жолын Қызылқұм ауданы Шәуілдір селосындағы тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында 1975-1977 жылдары тігін мастері болып бастады. 1979 жылы «Культхозгалантерея» базасына тауартанушы, 1992-1993 жылдары бөлім бастығы, 1993-1997 жылдары директордың орынбасары 1997-2006 жылдары директор қызметін атқарды. Аталған мекеме жылдан бастап «Коопсауда» ЖШС болып өзгертілді.. «Отан» партиясының 2006 жылғы қыркүйегінде өткен облыстық партия конференциясында Оңтүстік Қазақстан Облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары болып сайланып, күні бүгінге дейін қызмет атқаруда. Облыстық Саяси Кеңесі Бюро мүшесі.

                      Мемлекеттік наградалары   «Құрмет» ордені,   «Ерен еңбегі үшін» медалі,  «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдары,  ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың алғыс хаты, «Халық алғысы» медалі марапатталған. Сайрам және Отырар аудандарының құрметті азаматы. 2003 жылы Ресейдегі Қазақстан жылына орай өткізілген Мәскеудегі жиында Қазақстан делегациясы құрамында болған. 2018 жылы Қытайда өткен  Шанхай ынтымақтастық ұйымы саяси партиялар  форумына  «Nur Otan» партиясынан делегат болып қатысқан. «Үзілген бойтұмар» кітабының, бірнеше брошюралардың авторы. Шығармашыл, ұдайы республикалық, жергілікті басылымдарда эксперттік пікірлері, авторлық мақалалары жарық көріп тұрады. Облыстық спикелер пулы мүшесі. 2007 жылы Оңтүстік  Қазақстан облысының  балалар үйінде тәрбиеленуші 585 жетім баланы тегін медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастырды.  Республикалық педиатрия институтынан арнайы 10  балалар дәрігері шақырылып,  12 күн бойы облыста  жетім балалардың  денсаулықтары тексеріліп, 17 бала Алматы, Астана қаласында квотамен ем қабылдаған. «Киелі мұрамызға тағзым» акциясы аясында Ә.Марғұлан атындағы археология институты ғалымдарымен бірлесіп, «Қола дәуірге саяхат», «Сырлы Созаққа саяхат» этнографиялық экспедицияларын ұйымдастырып, Ақбикеш мұнарасының 100 киелі жер  тізіміне енуіне мұрындық болған. Ұлттық ою-өрнектерді зерттеп қана қоймай, отбасымен түгелдей қолөнер кесте, қазақи киім тігумен айналысады. Немерелерін ұлттық тәрбиеге, музыкага баулиды, шеберлік сабақтарын өткізеді, этнопедагогиканы насихаттайды. Отбасылы: 2 ұл, 6 немересі бар.

Калыйма Жантөреқызы  Праймеризде бірінші орынды иеленіп, жоғары рейтингпен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты  болып сайланды. Облыстық партия филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы» қоғамдық кеңесінің төрағасы.  Руханиятқа, отбасы мәселелеріне, ана мен баланы қорғау, елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім және денсаулық салаларына басымдық береді. Ана мен баласы бақытты мемлекет  ең мықты мемлекет деп санайды.

4. Дархан Мыңбай — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі

Сайрам ауданындағы «Қайнарбұлақ» совхозының жұмысшысы, ҚазТАГ редакторы, аға редакторы, аға бақылаушы әдеби редакторы, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің аға кеңесшісі, аға референті,  «Өркениет-Горизонт» республикалық газеттерінің бас редакторы,  «Қазақстан теледидары және радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті,  ОҚО әкімінің орынбасары, облыстық Жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы, Түлкібас ауданының әкімі, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі, ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, ҚР Ұлттық музейінің директоры, ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі. 2018 жылғы 13 ақпаннан бастап VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2021 жылғы 15 қантардан бастап VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Техника ғылымдарының кандидаты

5. Әбдіжаппар Оңалбаев — еңбек ардагері

1975 жылы Шардара ауданындағы Сүткент племзаводына директор болып тағайындалды. 1985 жылы «Ленин» орденді  Мақтарал совхоз-техникумына директор; 500 трактор, 180 мақта теретін машиналарды тиімді пайдаланып, 26-27 мың тонна мақтаны толық машинамен теруді, 1989 ж 7 мың гектар мақталықтың өнімділігін 36,3 центнерге жеткізіп 100 пайыз машинамен теруді, 1992 ж алғаш рет 500 гектар мақталықты тамшылатып суғару, оны компьютермен басқаруды ұйымдастырды. Экологияға кері әсер тигізбеу, мақташылардың деңсаулығын сақтау  мақсатында дәрі және химикат шашатын 8 ұшақтан алғашқы күннен ақ бас тартып, бағыттағы барлық  жұмысты жердегі машинамен атқаруды ұйымдастырды.

  • Шаруашылық көлемінде 15 скважина қазып (427 метрден), тәтті су шығарып Мырзашөлде бірінші болып халыққа тәтті су ішуге қол жеткізді.

  • Ильич (Атакент) поселкісінде канализация және оны тазалау процессі іске қосты. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында Батыс Еуропадан тайыншалар әкеліп, сауын сиырларды көбейтіп бір күнде совхоз бойынша 17 тонна сүт өткізуді қамтамасыз етті.

Жұмысшылар тұрғын үйлермен қамтылды. Совхозда 3 миллион кірпіш беретін зауыт салды. Совхоз тараған соң Республикалық мақта тұқым зертханасына  директор болып ауысып, кейін жасына байланысты зейнеткерлікке шықты. Төлеби, Мақтаарал аудандарының «Құрметті азаматы».

6. Кенжехан Төлебаев — Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Еңбек жолын 1971ж ОҚО Киров ауданы «Өзбекстанның 40-жылдығы» атындағы совхозда жұмысшы болып бастап,   1978 ж Киров ауданының XX партсъезд совхозында аға бухгалтер; 1982 ж комсомол комитетінің хатшысы; 1985ж Киров ауданы «Мақталы» совхозының партия ұйымының хатшысы, 1988ж осы совхоздың директоры; 1991ж ОҚО Киров аудандық Халық депутаттары кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары; 1992ж ОҚО Мақтаарал ауданының әкімі; 1997ж ОҚО жаңадан құрылған Мақтаарал ауданы әкімінің бірінші орынбасары; 1998ж ОҚО Шардара ауданының әкімі; 1999ж ОҚО Мақтаарал ауданының әкімі; 2002ж ОҚО Экономика департаментінің бастығы; 2003ж ОҚО әкімінің орынбасары; 2006ж ОҚО жұмылдыруға дайындық, азаматтық қорғаныс, авариялар мен апаттық жағдайлардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасының басшысы; 2013ж «Шымкент аграрлық колледжі» МКҚК-ны директоры; 2017ж зейнеткерлікке шығып, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары болған. Қазіргі таңда Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып еңбек етуде. Мақтаарал, Шардара аудандарының «Құрметті» азаматы атағының иегері.

7. Сексенбай Тұрысбеков — еңбек ардагері

Еңбек жолын кеңшарда жұмысшы болып бастаған, комсомол жұмысында жүріп нұсқаушы, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, партия комитетінің хатшысы болып сайланды. «Қаратау» кеңшарының директоры қызметінде малшыларды тұрғын үйлермен, киім-кешекпен қамтамасыз етуді, мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға көңіл бөлінді. «Тұрғын үй-91» бағдарламасы аясында 21 үй салынды. 2003 жылдан бері «Кенжебай» ШҚ басқарып келеді. Облыстық мәслихатының, Созақ аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған. Созақ ауданының «Құрметті азаматы».

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.