Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков туылған. Іскер азамат, білікті басшыны бүгінгі мерейлі күнімен шын жүректен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!
Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық парасат Сізді зор құрметке бөледі. Өмірлік еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, қатар жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ бала-шағаңыз үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз. Таңдаған жолыңызды абыроймен жалғастыра беріңіз!
Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! Әрқашан Алланың назарында, бақыттың базарында шалқып тасып жүре беріңіз!