Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Түркістан облыстық қоғамдық кеңесте талқыға түсті. Білім беру саласында өзекті мәселелер қаралып, қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сын-ескертпелер мен ұсыныстар айтылды. Жиында мұнан өзге 12 мәселе талқыланып, қолдау тапқан ұсыныстар мен қаулылар қабылданды.
Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Мәдіханқызы биылғы оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу ерекше өтетіндігін атап өтті. Апелляциялық шағым бойынша да бірқатар өзгерістер енгізілген.
Жиында қаралған өзекті мәселе өңірдегі техникалық және кәсіптік мамандарды даярлау туралы. Басқарма тарапынан арнайы зерттеулер жүргізіліп, қоғамға қажетті мамандықтардың тізімін әзірлеген. Бұл тізімге Қоғамдық кеңестің мүшесі, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш ұсынысын білдірді. Өз сөзінде қоғамда сұранысқа ие телеоператор мамандығын енгізу керектігін айтты.
Қоғамдық кеңесте білім беру саласындығы бірқатар олқылықтар ескеріліп, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырын бекіту туралы мәселе кеңестің күн тәртібінен алынып тасталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын насихаттауға баса назар аударылып отыр. Жергілікті телеарналарда 16 телебағдарламаны тарату үшін мемлекеттік тапсырыс орналастыруға 413,2 млн теңге бөлінген.
Қоғамдық кеңес мүшелері мерейлі мерекені лайықты деңгейде атап өту керектігін айтты. Егемен елдің ертеңгі ұрпақтары тарихи тұлғаларды білуі тиіс. Ол үшін кең көлемді насихат жұмыстарын жүргізіп, сұхбаттар мен кездесулер өткізу керектігін тілге тиек етті.