Рәміздер күні қарсаңында «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы Алматы қаласына барды. Еліміздегі ең ірі жоғары оқу орнының бірегейі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Қансейітұлымен кездесіп, жұмыс орнымен танысты. Биылғы жылдың ақпан айында қарашаңыраққа ректор болып тағайындалған Түймебаев оқу орнына көп өзгерістер енгізбек ниетте. Қызметке келе сала жаңа ғимараттардың құрылысын жоспарлап, оқытушылар мен студенттердің жатақханасын жақсартуға кірісіпті. Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданының тумасы ел есінде елші, әкім ретінде атқарған еңбегімен белгілі. Түркістан облысының тұңғыш әкімі күн сайын көркейіп жатқан рухани астана үшін қуанып жүретінін жеткізді. Шымкенттің халқын сағыныпты. Жерлестеріне дұғай сәлем жолдап, Рәміздер күнімен құттықтады.
ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ
Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...











