Рәміздер күні қарсаңында «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы Алматы қаласына барды. Еліміздегі ең ірі жоғары оқу орнының бірегейі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Қансейітұлымен кездесіп, жұмыс орнымен танысты. Биылғы жылдың ақпан айында қарашаңыраққа ректор болып тағайындалған Түймебаев оқу орнына көп өзгерістер енгізбек ниетте. Қызметке келе сала жаңа ғимараттардың құрылысын жоспарлап, оқытушылар мен студенттердің жатақханасын жақсартуға кірісіпті. Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданының тумасы ел есінде елші, әкім ретінде атқарған еңбегімен белгілі. Түркістан облысының тұңғыш әкімі күн сайын көркейіп жатқан рухани астана үшін қуанып жүретінін жеткізді. Шымкенттің халқын сағыныпты. Жерлестеріне дұғай сәлем жолдап, Рәміздер күнімен құттықтады.
РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ
Наурыздың қайта оралуы, қасиетті Тайқазанның Түркістанға қайтарылуы, Алаш арыстарының ақталуы… Қазақ руханиятындағы осы тарихи оқиғалардың бәрі Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен тығыз...











