• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ – ҰЛЫ МҰРА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

28.05.2021
0

Түркістанда алғашқы халықаралық туристік форумы өтуде. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған Гибридті форматтағы (онлайн және офлайн) форумда туристік салада жұмыс істейтін 15 елдің (Венгрия, Тайланд, Нидерланды, Франция, АҚШ, Оңтүстік Корея, Тәжікстан, Португалия, Сербия, Ауғанстан, Солтүстік Македония, Бразилия, Литва, Эстония, Өзбекстан) бизнес-құрылымдардың өкілдері мен мамандар ежелгі қалада Түркістанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және Жібек жолы бойындағы туристік бағыттарды дамыту мәселелерін талқылады.

Түркістан ғасырлар бойы Қазақ хандығының саяси және рухани өмірінің жүрегі болған еді. Бүгінде ежелгі қаланың қарқынды өсу кезеңін бүкіл әлем бақылап отыр. Ал бұл ретте туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Соңғы жылдары қалада мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Мысалы, «Керуен-Сарай» көпфункционалды кешенінің өзінде тұрақты түрде төрт мыңнан астам адам еңбек етеді.Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өзінің алғы сөзінде: «Туризмнің өңір экономикасына қосқан үлесі артып келеді. Осы ретте Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті кәсіби оқытылған кадрлармен қамтамасыз ететіні қуантады», — деп атап өтті.

Сондай-ақ министр Түркістан облысының әкімдігі мен Өмірзақ Шөкеевке, Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары – туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов бастаған өзбек делегациясына, ЮНВТО және ЮНЕСКО ірі халықаралық ұйымдардың мамандарына, сондай-ақ форумның басқа да қатысушыларына алғысын білдіріп, еліміздің басты ұлттық мерекесі — Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отырған аталмыш іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Халықаралық форумда сөз алған Түркістан облысының әкімі күллі түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда туризмнің бірнеше бағытына басымдық берілетінін айтты.

«Түркістанның дамуы – Елбасының назарында. Еліміздің Тұңғыш Президентінің күнделікті бақылауының арқасында, Мемлекет басшысының қолдауымен құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі шара ең алдымен, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған. Ясауи кесенесіне зиярат етіп келушілер саны күн сайын артып, 1 млн-нан асты. Алдағы уақытта олардың қатары 5 млн-ға жетеді. Қасиетті мекенде археологиялық туризм, этнотуризм секілді туризмнің көптеген түрлерін дамытуға мүмкіндік бар», — деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Егемендік жылдары ел Үкіметі тарихи-мәдени мұра нысандарын зерттеу, сақтау және дәріптеу жолында ауқымды жұмыс жүргізгені белгілі. Туризм саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар әзірленіп, қабылданды және нормативтік-құқықтық база жетілдірілді.«Жақында ғана заңнамалық өзгерістер қабылданып, туризм саласында инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін кең ауқымды мүмкіндіктер беретін жүйелі шаралар енгізілді. Бұл шаралар 2019 жылы қабылданған мемлекеттік бағдарламаны толықтырады. Оның аясында қасиетті Түркістан қаласына кіретін ТОП-10 туристік дестинацияны дамыту көзделді», — деп атап өтті форумның модераторы, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов.

Форум аясында қатысушылар өңіраралық және халықаралық кооперацияның жаңа нысандарын дамыту, әсіресе трансшекаралық бағыттарды құру мәселелерін талқылады. Ал кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық және өзбек туроператорлары арасында Ұлы Жібек жолы бойында жаңа туристік өнімдерді қалыптастыру бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Трансшекаралық маршруттардың географиясын одан әрі кеңейту мақсатында қатысушылар алдағы уақытта ТОП-10 кіретін басқа дестинацияларда, мысалы, Ақтау немесе Бурабай сынды курорттық аймақтарда да осындай кездесулер өткізбек.

Форумның қорытынды бөлімінде танымал қазақстандық каскадер Жайдарбек Күнғожинов пен альпинистер құрамасының капитаны Мақсұт Жұмаевқа ҚР Туризм елшілерінің арнайы белгілері табыс етілді.

 

Previous Post

САЙРАМ АУДАНЫНДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ХОРВАТИЯМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫ

Related Posts

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

by Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкентте Республика күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Қаланың бес ауданын қамтыған тазалық шарасы аясында Қошқар ата өзенінің бойы...

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

by Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкентте жас ғалымдардың үздік жобалары анықталды. Ел болашағына бағытталған тың бастамалар мен ізденімпаз жастардың басын қосқан «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы өз...

ЖАПОНИЯДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН ПАРАСПОРТШЫЛАР

ЖАПОНИЯДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН ПАРАСПОРТШЫЛАР

by Айғақ медиа
05.11.2026
0

Спорт саңлақтары еліміздің қоржынын тағы екі медальмен толықтырды. Жапонияда өткен жазғы V Азия Пара ойындарында Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан чемпион...

ҚОЛА МЕДАЛМЕН ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ЧЕМПИОН

ҚОЛА МЕДАЛМЕН ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ЧЕМПИОН

by Айғақ медиа
05.11.2026
0

Боз кілемнен әлемдік додада Шымкенттік спортшы ел мерейін үстем етті. Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен 67 келі салмақта сынға түсіп қола...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.