ХАМЗА МЕКТЕБІ ЖАҢА КЕЙІПТЕ
Шымкентте №42 Хамза атындағы мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Үш тілде білім беретін оқу орнының тозығы жетіп, ғимаратты жаңарту қажеттілігі туындаған...
Ауқымды аламан додада оза шапқан жүйріктерге облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «СУПЕРКУБОКТЫ» өз қолымен табыстады. Әдетте галстук тағып, мінберден сөз алатын шенеуніктер спорттық киімде жеңін түріп, жарысқа білек сыбана кірісіп кеткен. Өз командасына қолдау көрсетіп, тіпті жарыс шеңберінде әріптестерімен бірге ойын көрсеткендері де баршылық. Бұл бәйге тартысқа толы болды. Алға деп атойлаған мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысы бас жүлдеден дәмелі-ақ. Алайда бақ шаба ма, бап шаба ма? Сәті түскен жан ғана «Суперкубокты» қанжығасына байлайды.
Қаңтар айында бастау алған қысқы біріншілікте волейболдан аудан әкімшіліктері арасынан 1 орын алған Сайрам ауданы әкімдігінің командасы облыстық басқармалармен бас бәйгеге таласты. Әріптестерін қолдау үшін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков те айтулы шарадан тыс қалмапты.
Қатысушылар жарыста жанталасып, беріспей берілмей жатқан сәтте Өмірзақ Шөкеев те келіп, ойын барысын тамашалады. Аламан додаға арнайы келген облыс әкімі кіл жүйріктердің есімі анықталар сәтті күтіп, соңына дейін бақылады. Нәтижесінде, Түркістан облысының қысқы біріншілігінде басым ұпаймен Түркістан облыстық Ішкі істер Департаменті жеңімпаз атанып, «СУПЕРКУБОКТЫ» қанжығасына байлады. Ал екінші орынды облыстық басқармалардан құралған «Қыран» командасы алып, үшінші орынды облыстық статистика басқармасы иеленді.
Аталған бәйгені ұйымдастыру үшін Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан 1 млн теңге қаржы қаралған. Жауапты мамандардың сөзіне сүйенсек, мұндай ауқымды жарыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.Шымкентте №42 Хамза атындағы мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Үш тілде білім беретін оқу орнының тозығы жетіп, ғимаратты жаңарту қажеттілігі туындаған...
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы апта қалды. Шымкенттегі білім ошақтары қызу дайындықта. 7 білім ұясы күрлелі жөндеуден өтіп, құрылысшылар соңғы...
Шымкентте 1985 жылы пайдалануға берілген мектеп толық жаңартылып жатыр. 40-жылда мыңдаған түлектің түлеп ұшуына жол ашқан алтын ұя кеңестік педагог...
2009 жылы пайдалануға берілген Мұхтар Әуезов атындағы №96 мектеп қайта жаңарып жатыр. Материалдық-техникалық базасы мен инженерлік жүйелері едәуір тозған алтын...
Шымкент қаласындағы №16 мектепте ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылы пайдалануға берілген ғимарат әуелде 300 оқушыға лайықтап салынған. Алайда жыл...
Шымкентте білім беру нысандарын жаңарту жұмыстары қарқын алды.Нысанды күрделі жөндеуге 117 миллион теңге бөлінген. Қазіргі таңда шаһар бойынша 7 білім...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.