Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚҰТҚАРУШЫ САРБАЗДАР ҚАТАРЫ ЖАСАҚТАЛУДА
    Айғақ MEDIA

    ҚҰТҚАРУШЫ САРБАЗДАР ҚАТАРЫ ЖАСАҚТАЛУДА

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.11.20260 Views

    Азаматтық қорғау әскери бөлімдерінің міндеті – табиғи апаттар мен техногендік төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету. Еліміз бойынша мұндай бес негізгі әскери бөлім бар. Олар өңірлерді қамтып, құтқару және апат салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылады. Бұл туралы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы бөлімдердің қызметіне тоқталып, кеңінен баяндады. Қазір болашақ сарбаздарды іріктеу жұмыстарының маңызды кезеңі жүріп жатыр. Үміткерлер медициналық тексеруден өтіп, физикалық және психологиялық дайындығы сарапталады. Ал сала мамандары әскери бөлімдердегі тұрмыстық жағдай мен қызмет өткеру тәртібі белгіленген талаптарға сай екенін айтады.

    Азаматтық қорғау әскери бөлімдерінде қызмет етуге ниетті жастардың қатары артып келеді. Бұған жасөспірімдер мен ата-аналар арасында жүргізілген түсіндіру, ақпараттық-насихат жұмыстарының да ықпалы бар. Әскери қызметтің артықшылықтары мен әлеуметтік кепілдіктері жастардың қызығушылығын оятқан.Борышын өтеп келген сарбаз үшін жаңа мүмкіндіктердің көкжиегі ашылады. Мерзімді әскери қызметті аяқтаған азаматтар азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ жоғары оқу орындарына түсу кезінде бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Ал қызметтен кейінгі жолын таңдау – әр сарбаздың өз еркінде.Жауаптылар әскери жасақ дайындаумен қатар, қаладағы төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына да тоқталды. Техногендік апаттардың қаупін азайтуда заманауи технологиялар мен арнайы жабдықтардың маңызы зор. Мұндай құралдар қауіпті ерте анықтап, ықтимал қатердің алдын алуға септеседі.

    Ел тыныштығын күзетіп, сын сағатта көмекке келетін азаматтарды даярлау – маңызды міндет. Ал әскери қызмет жас буынға тәртіп пен жауапкершілікті ғана емес, елге адал қызмет етудің мәнін де ұғындырады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЖАҚСЫЛЫҚҚА ҮНДЕГЕН ЖАҢА ТУЫНДЫ

    27.11.2026

    УЛЫ ГАЗДАН САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ

    27.11.2026

    ТІЛ ЖАНАШЫРЫ ТІЗГІН ҰСТАДЫ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.